Қазақстанда Kia Sorento көлігі құрастырыла бастады

Қазақстанда  Kia Sorento көлігі құрастырыла бастады

Өскеменде жол таңдамайтын «Кия Соренто» көлігінің үшінші үлгісі құрастырылуда, деп жазады kazakh-tv.kz. Автомобильдің жаңа үлгісі алғаш рет 2014 жылы Прага қаласында халық назарына ұсынылған. Енді, оған қазақстандықтар да қол жеткізе алады. Отандық машинақұрастыру зауыты көліктің сыртқы шанағына өзгеріс енгізген. Бүгінде елімізде «Кия» автокөлігін тұтынушылар көбейген. Өткен жылы дәл осы маркада 17 мың көлік сатылды. «Азия авто» зауытының мамандарының айтуынша, құрастырылған отандық автокөліктердің сатылымы бүгінде 49 пайызға жеткен. Сондай-ақ биыл тағы 7 автокөліктің жаңа түрлері нарыққа шығады деген болжам бар. 

а

Kia Sorento көлігінің салоны

Жаңа көлік туралы «АЗИЯ АВТО» АҚ өндіріс бойынша директоры Роман Зицер былай деді:

Аталмыш автокөлік Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар айынан бастап құрастырыла бастады. Тұтынушының талап тілегін қанағаттандыру мақсатында дәл осы көлікті шығаруға бел шешіп кірістік. Өйткені, жерлестеріміздің көпшілігінің сұранысы осы көлікке артып отыр.

сурет: auto.ironhorse.ru, mosnews.com

Е. Қайрахан