- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Tesla Model X...
Tesla Model X электрокарының қытайлық аналогы шықты
Tesla Model X пен Google ұсынған жүргізушісіз қозғалатын көліктер бүкіл әлемді өзіне қаратып келеді. Бірақ аталған көліктерді АҚШ-тың Детройт қаласында өткен көрмеге қойылған GAC WitStar гибридімен салыстыруға келмейді.
«Model X» автосының қытайлық моделі электр қуатының қондырғысымен жабдықталған. Сондай-ақ, ішінде аквариум орнатылыпты. Мынадай идеяны жүзеге асыру осыған дейін ешкімнің ойына келмеген болатын.
WitStar – Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы GAC Motors компаниясының жаңа көлік концепті. Болашақта шығатын жол талғамайтын көлік седан платформасына қондырылған. Және 100 километрге дейін қашықтықты тоқтаусыз басып өте алады және оған небәрі екі литр жанармай жұмсайды.
Гибридті қуат қондырғысы GPS, инфрақызыл CCD-камера, лазерді радардың көмегімен автономды жүргізу мүмкіндігін береді. Компьютер алдымен аталған қосымша құрылығылардың көмегімен қоршаған ортаны картаға түсіреді. Сосын көлікті өз басқаруына алады.
Ішкі интерьердің көркін аквариум ашып тұр. Ол екі артқы орындықтардың арасында орналасқан. Одан бөлек, көліктің Tesla Model X нұсқасы сынды есіктерінің жоғарыға қарай ашылуы ерекше әр береді. Олар Tesla компаниясында «Қыранның қанаты» (ағылшынша нұсқасы «Falcon Wings») деп аталады.
Ескере кетсек, GAC – Қытайдағы алып көлік өндіруші компаниялардың бірі. Компания Trumpchi бренд атауымен жеңіл автокөліктер сериясын шығарып келеді. Сондай-ақ, GAC Honda, Toyota, Mitsubishi және Fiat сынды бірқатар алып өндірушілермен серіктестікте жұмыс істейді.
Сурет: telegraf.com.ua
Оқи отырыңыз:
Bentley тарихындағы тұңғыш жол талғамайтын көлік
Детройтта 3D-принтермен жасалған көлік таныстырылды
NASA мен Nissan бірігіп көлік шығарады
2025 жылы дыбыстан да жылдам пойыздар іске қосылады
Mercedes-Benz жүргізушісіз басқарылатын көлік шығарады
Ж. Өрісбай