- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Тойота сутекті автомобиль...
Тойота сутекті автомобиль шығарады
Тойота компаниясы келесі жылы сутекті жанармай негізінде қозғалатын автомобиль сериясын сатылымға шығарады. Дегенмен, жапондық компания өз тұтынушыларын тағы бір жаңалықпен қуантпақ.
Ғаламтордағы ақпарат көздеріне сенер болсақ, Тойота құрамына кіретін белгілі Lexus маркалы көліктер енді сутекті автоға айналады. Аталған компанияның алғашқы сутекті көлігі Mirai деп аталып, оның құрылымы мен қозғалтқышы толығымен сутекті жанармайға негізделген еді. Енді Lexus автомобильдерін жаңа құрылымға бейімдеу үшін біршама өзгерістерді іске асыру керек болады.
Ресми ақпарат көздері жаңадан шығатын көліктің қуаты 300 ат күшіне ие болатынын жазады. Толық қамданған көліктің 384 шақырымды басып өтуге қауқары жетеді екен. Ескере кеткен жөн, сутекті қозғалтқыш көліктің артқы жағында орналасады. Ал жанармай элементтері орындықтардың астына қондырылады.
Алдын ала жоспарланған межені ескерер болсақ, Lexus брендімен шығатын алғашқы сутекті автомобильдер 2017 жылы таныстырылады. Тойота компаниясы басшыларының айтуынша, авто өндірісіндегі жаңа құрылым осы сутек негізінде қозғалатын көліктер болмақ.
Сурет: www.lexus.com
Ж. Өрісбай