- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жеке көліктің болуы:...
Жеке көліктің болуы: пайдасы мен зияны
Жеке көлік алу туралы ойлап жүрсіз немесе жеке көлігіңіз бар делік. Ендеше, ол сіздің өміріңіз бен тұрмысыңызға қандай өзгеріс алып келуі мүмкін? Статистикалық мәліметтер бойынша, егер жаңа көлікті адамдар орташа есеппен жеті жыл мінсе, келесі бір көлікті сатып алғанға дейінгі шығын 40-50 мың АҚШ доллары болатын көрінеді. Әрине, мұның ішіне жанар-жағармай мен көлікті күтімдеу қаражаты да кіреді.
Бұл шығындарды назардан тыс қалдырып, көліктің бізге қандай мүмкіндіктер беретіні жайлы айтып көрейік.
Біріншіден, көлігіңіз болса, жұмысқа қай жерден болса да барып-келе бересіз. Бұл – қалада үй жалдап тұрсаңыз, енді үйді жұмысыңызға жақын қымбат ауданнан емес, бағазы арзан ауданнан жалдап тұра аласыз деген сөз.
Екінші, үй сатып алу немесе жер сатып алып үй салу талғамы сізге жақындай түседі. Себебі, сіз қала маңынан да өз көлігіңіз арқылы жұмысқа қатынай бересіз.
Үшінші, заман дамыған сайын жолдардың жақсаруы, қаладағы кептелістің ретке түсуімен көлікпен жүру сізге ыңғайлы бола түседі.
Төртіншіден, сіздің жұмыс жасау өрісіңіз, көлеміңіз арта түседі. Мысалы, сіз бұрын өз үйіңіздің қасында қымбат супермаркеттен зат сатып алып жүрсеңіз, енді қала маңындағы үлкен базарлардан арзан бағада азық-түлікті өзіңіз барып сатып ала аласыз.
Бесіншіден, көлік сіздің жол азабыңызды жеңілдетеді. Сіз ыстық күнде аялдамада автобус күтіп тұрмайсыз. Ыстық күнде адамдар толы қоғамдық көлікке сығылыса мінбейсіз. Суық күнде жұмыстан кешігіп бара жатсаңыз, қымбатқа такси жалдамайсыз.
Алтыншы, жолдағы қауіпсіздікке тікелей өзіңіз жауапты болып отырасыз.
Жетінші, өзіңіз қалаған жерге барып көңіл көтеруіңізге, демалуыңызға болады.
Пайдасыз бір ғана жағы бар. Ол – денеіңізге артық салмақ қосылуы мүмкін. Себебі, сіздің жаяу жүрісіңіз азаяды.
Сурет: lafa.kz
M. Auelkhan