Google-дың бірінші толыққанды жүргізушісіз көлігі келесі жылы шығады

Google-дың бірінші толыққанды жүргізушісіз көлігі келесі жылы шығады

Google компаниясы тарихи мәлімдеме жасады. Google тұңғыш жүргізушісіз көлік құралының жасалып болғаны жайлы ресми жариялады. Бұл көлік келесі жылы барлық тест түрін аяқтап, жолға шығады деп күтілуде.

Биылғы жылы Google өзінің өндірістік автопилотын көрсетуі керек еді, бірақ қосалқы бөлшектердің толық болмауы, әртүрлі жүрістердің жеткілікті сынақтан өтпеуі себепті бір жылға кейін шегерілді.

АҚШ-тың технология жаңалықтар сайты TheVerge-тың хабарлауынша, Google қазір өндірістік жұмысын аяқтаған. Автомобильдің бөлшектері толық және қарапайым көліктер нарығына шығуға дайын екен.

Көлікті құрастыру командасындағылар өздерінің Google+ парақшасында мынадай жаңалықпен бөліскен: "Біз көлікті эксперименттік жүргізуді Рождество кезінде өз қызметкерлеріміз арасында жүзеге асырамыз". Ал Жаңа жылдан кейін Калифорния көшелеріне қарапайым адамдар ортасында сынақ жүргізіліп, тұрғындар көлік технологиясын өз көздерімен көре алады екен.

Бұл - Google автоматты көлігін жүргізу жобасында жасалған тарихи елеулі прогресс болып табылады. Белгілі болғандай, өткен жылы Google Toyota Prius модельдері үшін автопилот жүйесін қойған еді. Ал кейінірек, Google функционалдық және дәстүр жоспарын өзгертті және автоматты жүргізу функциясы бар жаңа автокөлікті өндіруді жоспарлады.

Осыдан аз уақыт бұрын Google-дағы осы жобаның жауаптысы Chris Urmson бұл көлікте ешқандай педаль, рөл болмайды деп мәлімдеді, педаль тежегіші датчиктер арқылы жүзеге асады.

TheVerge сайты көліктің сыртқы дизайны туралы хабарлады, жаңа автомобиль «Смайликке» ұқсас болуы да мүмкін деген межелер айтылуда. Ал концептциялық тұрғыдан салыстырғанда мамыр айындағы нұсқадан автомобиль төбесіндегі LIDAR лазерлік сканерлеу жүйесі(қоршаған ортаны жиі лазерлік сканерлеу мен деректер сатып алу туралы жүргізушісіз техникалық көз баламасы) арасында үлкен айырмашылық бар екен.

Google-дағы жауапты мамандарының айтуынша қазіргі көлік компьютерлік жүйелер мен датчиктердің жұмысын сынау және нағыз көлікке тест-драйв сияқты әр түрлі функциялар мен компоненттерін сынақ барысында екен.

Google мамандары былай деді: «Біз қазір түрлі жүйелері толық функционалды автомобиль жасап шықтық және бұл машинаны жүргізу автоматты түрде жүзеге асады».

«Бұл көлік электр қуатымен жүретін болады және сағатына 40 шақырымға дейінгі жылдамдықты ұстай алады» дейді мамандар. Олардың айтуынша бұл эконом-класс деңгейіндегі адамдарға арналған, оның салтанатты түрі әлі жасалған жоқ.

Келесі жылы, Google төтенше жағдайға араласу мақсатындағы жүргізушісіз көлікті сынаққа шығармақ.

Google сонымен қатар, әлемдегі ірі автомобиль компаниялары және кейінгі автопилот немесе жартылай жүргізу дағдыларын дамытуға ниетті көлік алпауыттарымен келісімге отырады.

АҚШ-тың технология нарығын зерттеуші eMarketer фирмасының автокөлік өнеркәсібі талдаушы Mike Hudson: «Жүргізушісіз көлік машина нарығына кеңінен ықпал етуі мүмкін. Егер бұл көлік нарыққа сәтті шықса, онда тұтынушылардың күнделікті өмірін өзгерте алады» деп мәлімдеді, оның айтуынша бұл көлік әлемге смартфондар сияқты үлкен өзгеріс алып келеді.

Басқа бір ақпарат көздерінің дерегіне сүйенсек, Google, сондай-ақ автомобиль саласындағы көлік ақпараттық және ойын-сауық жүйесін басқаратын Android бағдарламасын жасап жатыр екен. Бұдан былай смартфон арқылы автомобиль жүйелерін басқаруды қамтамасыз етілуі мүмкін.

Сурет: theverge.com

M. Auelkhan