Проектр қосымшасы бар планшет пайда болды

Проектр қосымшасы бар планшет пайда болды

Технология күн санап дамып келеді.  Әрбір жаңа шыққан құрылғы өзіндік қосымшаларымен ерекшеленуде. Жақында  «Lenovo» компаниясы проектр қосымшасы бар планшет шығарғалы жатқандықтарын мәлімдеді.

«Lenovo» компаниясы 2009 жылдан бері «Yoga» деген атаумен шағын планшеттерін шығарып келеді. Әр жаңа нұсқасын дамытып, қажетті қосымшалармен толықтыра түсуде. Проектр қосымшасы бар планшетке «Yoga Tablet 2» деген атау беріпті. Дисплейі 13,3 дюймды құрайды. Жанына орналасқан проектр қосымшасы арқылы кино, бейнебаян немесе суреттеріңізді үлкейтіп көруіңізге мүмкіндіктеріңіз болады. Планшет қуаты 15 сағатқа дейін жетеді екен. Егер проектр қосымшасын пайдалансаңыз бұл уақыт 3 сағатқа қысқаратын көрінеді. Сонымен қатар, проектр қосымшасын пайдалану үшін арнайы ілгіші де естен шығарылмаған.

Планшет Android 4.4 KitKat немесе Windows 8 операциялық жүйелерімен қызмет жасайды. Камерасы 8 мегапикселден тұрады. Сатылымға осы айдың соңына қарай шығады деп күтілуде. Ал құны 500 еуро болмақ. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: glamour.ru

О. Сансызбай