- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- BMW жаңа велосипед...
BMW жаңа велосипед шығарды
BMW компаниясы электрлі Cruise велосипедінің жаңа үлгісін жасап шығарды.
Құрылым 19 келі салмақты құраса, барынша жылдамдығы 25 шақ/сағ. жетеді, қуат көзі 85 шақырымға емін-еркін жүріп-тұруға мұрсат бермек.
Аккумулятор қаңқа тіреудің төменгі бөлігінде орналасқан, ал 250-ватты Bosch моторы тепкіден төмен жайғасқан. Мұнысы өз кезегінде біртұтас салмақты барынша төмендетіп, орнықтылықты жоғарылататын көрінеді.
Қозғалтқышы төрт режимді күштілікке ие, тежегіші - дискілі. Рөліндегі алынбалы компьютер жылдамдықты, қуат көзін, жүрген жолды, және өзге де маңызды мәселелерді көрсетуге арналған.
Мыңға жуық шектеулі данасы неміс жерінде шығарылып көрмек.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: broadsheet.ie
Л. Лига