Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Массагет жүргізушілері үшін: Механика VS Автомат

Массагет жүргізушілері үшін: Механика VS Автомат

Массагет жүргізушілері үшін: Механика VS Автомат

Көлік әлемінде жүргізушілер назары бірінші кезекте жүріс қорабына ауып жатады. Оның артық тұстары мен кемшін жақтарын саралай кетсек дейміз...

Механика

Механикалық жүріс қорабы автоматтандырылған немесе роботтандырылған трансмиссиялармен салыстырғанда қарапайым әрі орнықты орналастырылған агрегат саналады. 

Қарапайым құрылымының арқасында көлік бағасы өзге қорап түрлерінен арзан келеді. Сонымен бірге, жабдықтау мен эксплуатацияда көп қиындық туғызбайды. 

Сол уақытта механикалық жүріс қорабы жүргізушінің белсенді әрекет қимылын күтеді. Бір сөзбен айтқанда, механиканы басқаруда адам орны ерекше рөлге ие деген сөз. Тәртіп мысалында, жүргізушінің тәжірибелілігі көп мәнде үлкен септігін тигізеді. Өйткені, әрбір көлік тізгініндегі адам жүріс қорабын қай уақытта тізгіндеу, қай уақытта жылдамдықты арттыру керектігі турасында міндеттерін өзі жақсы біліп отырмақ. Және өз кезегінде қиын күрделі сәттерде де жүргізушінің өз ойындағысы орындалады.

Артық тұстары:

1) Құрылымдалуының қарапайымдылығы, жабдықтау мен қызметтің арзанға түсуі. 

2) Көліктің "өз" қозғалтқышы істен шыққан жағдайда да, жүріс қорабының бұл түрі қозғалысқа жарамды болып қала бермек.

3) Жанармай үнемділігі (автоматтандырылған жүріс қорабына қарағанда, механика жанармайды 10-15% аз шығындайды). Сонымен бірге, жүріс қорабы жылдамдық арттырудың қозғалысымен көңіл қуантады. 

4) Пайдалы іс-әрекеттің жоғары пайыздылығы (механика қозғалтқыштың бүкіл күш-қуатын іске қоса алады).

5) Жүргізуші өз ыңғайына қарай жүріс түрін (стилін) таңдай алады. Қозғалтқыштар айналымын көтере де, төмендете де алады). 

6) Оталдыру мен аккумулятор қуатының істен шыққан аралығында қозғалтқыштың іске қосылу мүмкіндігі.

7) Батпақ, қар, лайсаңда көліктің өз жүрісімен шығып кетуі. 

Кемшін тұстары:

1) Жаңа жүргізушілерге пайдалану қиындығы. Енді-енді көлік тізгініне жармасқан адамдар ілінісу (сцепление) мен қорап шынжырларына зақым тигізуі мүмкін. Мысалы, алдыңғы ілінісудің орнына артқыны немесе артқының орнына алдыңғыны қосып жіберу. 

2) Моторды іске қосуда жаңылысып кету (көбіне тәжірибесіз жүргізушілерге қарата айтылады. Дер кезінде жоғары немесе төмен сатыға (ступень) қосыла алмағандықтан, қозғалтқыш аса ауыр қозғалысқа тап болады). 

3) Жылдамдыққа қосып-алуда уақыттың кетуі (жүріс қорабы қозғалтқыштан бөлектеніп қалып, қуаттың кемшін соғуына алып келеді). 

4) Қалалық жүрісте шаршатып жібереді. Өйткені, жүрісті іске қосып, істен шығарып отыруға тура келеді. 

Автомат


Автоматтандырылған жүріс қорабында механикаға қарағанда шынжыр мен агрегаттар көп болады. Дәл сол себепті, жөндеуге, қайта жабықтауға көп қаражат кетпек. Дегенмен, қалалық жүрісте жүріс қорабының бұл түрі қолайлылық туғызады (өйткені, істен шығарып, қосып отырмайсыз). Жаңадан жүргізіп жүргендердің көңіліне жағуы оңай. 

Артық тұстары:

1) Эксплуатацияның оңтайлылығы (ілінісуді (сцепление) үнемі қосып отырмайсыз).

2) Қозғалтқышты ауырлатудың еш қатері жоқ (автомат қорабы жүрістің не төмен, не жоғары бөлігіне қосылудың оңтайлы сәтін өзі таңдайды). 

3) Мотордың қуаттылығын жоғалтпастан, төмен сатыдан жоғары сатыға, не керісінше өте бересіз.

Кемшін тұстары:

1) Жөндеу мен жабдықтаудың қымбатқа түсуі.

2) Көлік динамикасының төменділігі. 

3) Механикамен салыстырғанда жанар-жағармайдың көп кетуі.

4) Кез келген тұста көлікті жетекке алудың қиындығы (буксировка). Эвакуатордың көмегінсіз еш мүмкін емес. 

5) Күрделі (толыққанды) жөндеу жұмыстарына дейін көп бұзылуы (механикаға қарағанда)

Қорытынды

Қалай дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды, заманауи автоматтандырылған жүріс қорабы күрделеніп, үнемділігі арта түседі деген сенімдеміз. Ал "механика" оралар болсақ, жүріс қорабының осы бір түрі құрылымдалуының қарапайымдылығы мен жанар-жағармайды аз шығындауымен алға шығып отыр.

Енді Массагет жүргізушілерінің назарына шағын сауалнама ұсынамыз. 

Механиканы таңдайсыз ба, автоматты ма? 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет:joyreactor.cc 

7210 27
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 06 қараша 2013, 19:27
Пікірлер
+0
06 қараша 2013, 19:10

Өз дауысымды автоматқа беремін, өйткені көлік тізгініне жаңа отырған жүргізушіге мақалада жазылғандай, механиканы айдап кету қиындық тудырады. Сондықтан механика, сен мені кешір! )

+0
06 қараша 2013, 19:10

автомат жасасын! :)

+0
06 қараша 2013, 19:49

Білмейтін адамдардың әңгімеге араласуы қиын ғой. Мен үндемей-ақ қояйын)

+0
06 қараша 2013, 20:19

тынышы автаматқой :D

+0
07 қараша 2013, 10:12

Механика тыныш маған шынымды айтсам, автомат айдап көрмеппін

+0
07 қараша 2013, 10:24

Иә автомат айдамаппын, тек механика :oops:

+0
07 қараша 2013, 10:44

Көлікті механика жүргізіп үйрен керек, автомат қыйын емес :!: :!: :!: :roll:

+0
07 қараша 2013, 10:55

Меніңше, кейін тек спорт карлар мен жүк көліктері ғана механика болып қалады.

+0
07 қараша 2013, 11:07

Мәселе үнемділікте емес, қәзір фольксваген-ауди шығарған роботтандырылған 2 сцеплениелі DSG қорабы механикадан да үнемдірек болады. Бірақ ең кемшіл тұсы, жүрісі троллейбустікіне ұқсап қалатындығы. Механикада жүргізуші мәшинені сезіп отырады, қыста-көктемде тығылып қалса да, тербетіліп-тербетіліп шығып кете алады, аккумулятор отырса итеріп оталдырып алады. Пробкада шаршатады деген жалқаудың немесе мәщине айдай алмайтынның сөзі, мысалға мен үйреніп кеттім. 1 сағат пробкада тұрсамда, аяқ қолым автоматты түрде өздері кетіп отырады. Еш шаршамаймын.

+0
07 қараша 2013, 11:09

Сосын механикамен жарысқанның өзі бір кайф қой. Оборотты көтеріп кеп тез арада келесісіне тыға қоясың. Керемет сезім.

+0
07 қараша 2013, 11:23

ЕЕЕ Тау ұлы жарысу демекші.... ;)

+0
07 қараша 2013, 13:35

давай давай жарысайық! Него, пробка кезінде жарысамыз ба, кім маневр жаксы жасап тез жетеді екен, әлде түнде шығып жалдамдыққа жарысамыз ба??

+0
07 қараша 2013, 13:45

ахахах күйеуі бар Айшада нең бар деп қызғанып қалсаң... )) Қалжың ғой :mrgreen:

+0
07 қараша 2013, 13:47

:mrgreen: :lol: :mrgreen:

+0
07 қараша 2013, 13:49

күйеуіне білдірмейміз ғой :lol: :mrgreen:

+0
07 қараша 2013, 13:51

Таксовкаға кеттім деп па :lol:

+0
07 қараша 2013, 13:55

ия, типа клиентке таласып жарысамыз сосын :D

+0
07 қараша 2013, 13:59

Алматыда клиент құрып қалғандай ма :lol:

+0
07 қараша 2013, 13:39

біздің пропкада маневр жасау деген :evil: , ал тунде болады, керемет болар еді. Мүмкін бәстесерміз :mrgreen:

+0
07 қараша 2013, 13:44

пробкада маневр жасаганнан да жаным кіред)) катты турып калган пробка емес енді)) жылдамдық жағынан япошкагой сенікі, әрі объемында көбірек менікінен, сондықтан бір орында менен озып кетерің анық. бірақ ұзақ қашықтыққа жарысуға болады ;)

+0
07 қараша 2013, 13:46

Мәшине сто дан шықсын, келесі аптада сосын Алла жазса Сізді озып кетпесем :mrgreen:

+0
07 қараша 2013, 14:19

Қиынын меңгеріп алса болды, оңайы қиын емес-ау ))) Өзім механиканы таңдадым :D

+0
07 қараша 2013, 15:31

Механика жақсырақ.

+0
08 қараша 2013, 16:26

автомат әрине өте ыңғайлы, бірақ механика айдағанда өзіңді Формула-1 жүргізушісі ретінде сезінесің:)) сондықтан механиканы таңдаймын

+0
02 желтоқсан 2013, 23:21

автоматтан гори механика жаксы

+0
19 желтоқсан 2013, 22:03

механика

+0
13 маусым 2014, 00:34

Үйренуге автомат жақсы бірақ батқанда қиын ауылда механика жақсы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...