- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Көлік жүргізуші қыздарға...
Көлік жүргізуші қыздарға кеңес
Көптеген қыздар көлік жүргізуде сәтсіздікке ұшырап жатады. Жолда жүру кезінде өзге жүргізушілермен келісе алмай, ашуға ерік береді. Ызаға булығып, терезін түсіреді де сұқ саусағын көрсетеді. Осынша ашу шақырудың қажеті не? Оған бола жүйкеңізді жұқартудың не керегі бар? Одан да төмендегі жолда жүру ережелерін есіңізге сақтауға тырысыңыз.
Рөлде отырған кезде күйгелектенбеңіз
Көп ау ру жүйке мен жарақаттан туындайды. Егер де бір көлік бұрылыста тұрса тоқтаңыз да күтіңіз, өзіңіз өте алатындай мүмкіндік туындаған кезде барып қозғалыңыз. Өз ерікіңізбен бұрылу қиындық тудырса уайымдамай, кейінгі көлікке белгі беріңіз. Қауіпсіз, ыңғайлы сәттің келгенін күтіңіз. Егер күмән туғызарлықтай жағдай болса аптықпай тежегішті басыңыз (тек бірден емес). Көліктердің тоқтаусыз ағынынан қорықпай, бұрылу белгісін қосыңыз да, жаймен тежегішті басыңыз. Ерте ме, кеш пе, сізді өткізіп жіберері анық. Барлық іс-әрекетіңізді байыптылықпен, сақтықпен жасаңыз. Сол кезде басқалар ашу шақырып, өкпе артпайтын болады.
Тежегіштің бар екенін естен шығармаңыз
Жолда жүру кезінде қандай да бір жағдай орын алмас үшін, сіздің кез келген уақытта тоқтауға еркіңіз бар екенін ұмытпаңыз. Бастысы кеш қимылдамсаңыз болғаны. Тежегішті уақытында басуды үйрену керек. Бос алаңқайлардың бірінен ыңғайлы орын табыңыз да, көлік бұзылған кезде қоятын үшбұрышты жарық шағылдырғышты қойыңыз (ол жүк салғышта жатуға тиіс). Сосын алыстау қашықтықтан үшбұрышты жарық шағылдырғышқа жеткен кезде тежегішті басып, бірнеше рет жаттығып көріңіз. Машинаңды толық игеріп, сезінгенше ауа райының түрлі жағдайында қайталай беруден жалықпаңыз. Тежегішті қаншалықты еркін басқаруыңызға байланысты сіздің қауіпсіздігіңіз қамтамасыз етіледі.
Бей берекетсіздікке жол бермеңіз
Өзге жүргізушілер секілді бей берекетсіздік жасап, жүгінсіздік танытып ақымақ болмаңыз. Олар рұқсат етілмеген бұрылыстардан бұрылып жатса назар аудармауға тырысыңыз. Тіпті, полицейлер көрмей тұрса да. Егер жүргізушілердің бәрі тәртіпсіз, жүйесіз жүрсе жол апатының жиі орын алуына әкеліп соғары анық.
Көлік қоюды үйреніңіз
Көп жағдайда “қыздарға көлік жүргізуге болмайды, себебі, олар көлік қоюды меңгере алмайды” деген пікірді жиі естиміз. Әрине артқа жүрген кезде қай жағы оң, қай жағы сол екенін ажырату қиындау. Бұл – бір қиындық емес. Сонымен қатар ең негізгі қиындық – көлік қойған кезде жанында тұрған өзге машинаға тиіп кетпеу. Жүйелілікті сақтай біліңіз. Ол үшін ара қашықтықты есептей білу керек. Айнаның көмегімен рөлді оңға не солға бұрып отырып көздеген орынға қоюға тырысыңыз. Егер жауапкершілікпен мұқият қарасаңыз қиындық туғызбайды. Бәрі де жаттығудың нәтижесінде іске асады.
Ақымақтарды тыңдамаңыз
Көптеген еркек-жүргізушілер тас жолдың тарланына, көлік жүргізудің кәнігі арланына айналып алары сөзсіз. Олар жолда жүру кезінде нәзік жандылардың намысына тию үшін, не жәй көңіл көтеру үшін түрлі әрекеттерге барады. Жол бермей, басып озып алдына түсіп алып, кейбір бассыздық әрекеттерге баруы мүмкін. Бірақ сіз оған қапаланбаңыз. Жүйкеге салмақ түсіріп, оған бола көңіл-күйіңізді бұзбаңыз. Асыққан шайтанның ісі екені есте болсын.
Ер балаларға қарағанда көп қиындыққа тап болып жатса да, бүгінгі жаһандану дәуірінде қыз балалардың да көлік жүргізуге еркі бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ер адамдарға қарағанда нәзік жандылар жолда жүру ережесін аз бұзады екен. "Сақтықта қорлық жоқ" деген. Бүгінгі таңда жол апатынан қаншама адамның зардап шегіп жатқаны белгілі. Сондықтан да жолда жүру ережесін сақтауды ұмытпайық!
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: mobilelady.ru
Ш. Талап