Көлік жүргізушілеріне арналған"ақылды" сағат шықты

Көлік жүргізушілеріне арналған"ақылды" сағат шықты

Nissan Nismo компьютерлендірілген сағаттарының көмегімен көліктің телематикалық хал-қуатын және жүргізушінің биометрикалық көрсеткіштерін бақылап отыруға болады.

Жапондық Nissan көлік өнеркәсібі көлік бүйіріндегі компьютерге жалғанатын, түйіндер мен агрегаттар жұмысының мәліметтерін беріп, атап айтқанда, экранға орта жылдамдықты және жанармай шығысын шығаратын Nismo компьютерлендірілген сағаттарын шығарды. Сағаттар транспорт түрімен смартфон қосымшалары арқылы (Bluetooth Low Energy) жалғанады. 

Сонымен бірге, гаджет жүргізушінің жағдайы туралы ақпараттарды келтіре кетеді (дене температурасы, қан тамыр соғысы, өзге де көрсеткіштер). 

"Ақылды" сағаттардың көмегімен Facebook, Twitter, Pinterest және Instagram әлеуметтік желілерінде әңгіме-дүкен құрып, хат-хабар алысуға болады. Оған қосымша, қондырғының экранына Nissan компаниясының көлікке қатысты ақпараттық хабарламалары шығып тұрады.

Болашақта өнертапқыштар қондырғыға жүргізушінің жүрек соғысын өлшеуге электрокардиограмма мен электроэнцефалограмма, және де қан құрамы мен эмоциональды жай-күйін беретін қосымшаларын орналастырмақ. Биометрлік технология көлік иесінің шеберлік шыңдауына, түрлі көлік жарыстарында оза шабуына жол ашпақ екен. 

Литий батареясының толық қуаты бір аптаға дербес жұмыс жасауға жетеді. Батареяның қуат көзі microUSB бөлшегінен ажырату барысында орын алмақ. Сағаттар екі тетік бойынша басқарылып, қолға арнаулы түймелік арқылы бекітіледі. 

Nissan Nismo өнімін презентациялау кеші қыркүйектің соңында, Франкфурттегі халықаралық автосалонда өтпек. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: cnews.ru

Л. Лига