Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Lexus жаңа кроссоверін жария етті

Lexus жаңа кроссоверін жария етті

Lexus жаңа кроссоверін жария етті

Lexus компаниясы шағын LF-NX кроссоверін жария етті. Аталған көліктің әлемдік премьерасы келесі аптада Франкфурт қаласында болатын моторшоуда өтеді. Көлік сериялы түрде шығарылатын болса, ол Range Rover Evoque және Audi Q3 секілді автокөліктерге мықты бәсекелес болар еді.

Прототип Lexus ES 300h көлігінің гибридті қондырғысымен жабдықталған. Оның құрамына электрқозғалтқыш пен төрт цилиндрлі 2,5 литрлік бензинді қозғалтқыш кіреді. LF-NX дизайн-жоба менеджері Нобуюки Томатсудың айтуынша, концепт көлік алдыңғы жетекті болады, алайда сериялық нұсқаға компания толық жетекті нұсқаны шығаруды ойластыруда екен.

«Біз соңғы автокөлікке толық жетекті трансмиссия орнатудан бас тартқан жоқпыз. Көлікке орнатылған гибридті қондырғы тек мұның бастамасы ғана», - дейді Томатсу.

Бұдан бөлек, «Лексуста» кроссовер дизайнінің өзгеріске ұшырайтынын да есептен шығармай отыр.

«Бұл көліктің 95 пайыздық сериялық нұсқасын көрсететін шоу-карлардың қатарынан емес. Біз көліктің пішінін осылай жасау арқылы тәуекелге бардық және ол бәрінің көңілінен шығады деген үміттеміз. Егер көпшіліктің көңілінен шығып жатсақ, машина пішінін осындай дизайнмен қалдырмауға еш себеп болмайды», - дейді Томатсу.

Айта кетсек, «Лексустың» сериялық шағын кроссовері Toyota RAV4 көлігі негізінде құрастырылуы мүмкін. Аталған көлік конвейерде келесі жылдың ортасынан бастап тұруы ықтимал. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru

11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 05 қыркүйек 2013, 08:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.