- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Алғашқы электромагнитті автобус...
Алғашқы электромагнитті автобус жолға шықты
Оңтүстік Кореяда Куми қаласының ішкі бағыттарында екі жаңа электромагниттік автобус қосылды.
Корей ғылым және техникалық (KAIST) институтутының соңғы өнертабысы болып отыр. Жолаушылар тасымалдайтын автобус асфальт астындағы электромагниттік кабельдер арқылы жүріп тұрмақ. Жүйе - "OLEV"
Аталған жүйенің артықшылығы сол, ендігі таңда автобустарды үлкен әрі ауыр электрлік батареялармен жабдықтаудың қажеті туындамайды, қайта қуаттауға қойылу, ауада сым темірлердің тұруы орын алмайды. Оның орнына асфальт астына арнайы электромагниттік кабельдер қойылып, көлік түбіндегі қуат жинақтаушы қондырғымен байланысып, сол арқылы қозғалысқа қажетті электроэнергия түзілмек.
Транспорт Куми темір жол вокзалынан қаланың алыс шалғай аймағына қатынап тұрады. Кабельден алынған энергия тиімділігі 85 пайызды құраса, көлікке ортақ өлшем-үлгімен (стандарт) алғанда 163 жылқы күші шоғырланған.
Электромагниттік кабельдің қауіпсіздігі айтылуда. Ендігі бір-екі жылда мұндай көліктің оны іске қосылмақ екен.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: autocentre.ua