- Негізгі бет
- Классика
- Арабтар көлік жүргізсе......
Арабтар көлік жүргізсе...
Жер бетіндегі жастардың дені көпшілігі экстремальды көлік жүргізуге әуес. Ол қатарда Араб әмірлігінің жастарын ерекше атап өтуге болады. Айтса айтқандай-ақ, Арабияның жас жүргізушілері көлікке деген ықылас-пейілдерін жасырып көрген емес, жасырғылары келмейді де.
Бірнеше жылдар бұрын YouTube-та көше ішінде қарсы беттен өтіп бара жатқан көлікке жармасатын, не болмаса, қаланы қалың шаңға орайтын бейнероликтер қаптап кеткен болатын. Кейіндеу келе, жергілікті қала әкімшіліктері қатаң тыйым салып, желөкпе жастардың сол бір қылығын шектеп тастаған еді.
Әуесқой жастардың ендігі ермегі - көлікті екі дөңгелегімен-ақ жүргізу. Тіпті, кейбір жолаушылар жүріп бара жатқан көліктің әуедегі ең дөңгелегін ауыстырып, ойларына келгенін істеп бағатын болып шықты.
Ал ендігі бір өлермендер жол үстіне жатып алып, екі дөңгелекпен келе жатқан көлікті күтетін көрінеді. Санаулы ғана сантиметрлерде сырып өтетін көліктер қосымша күш (адреналин) сыйлайтын сияқты...
сурет: .zougla.gr
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига