- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Tesla Model S...
Tesla Model S P85D электрокары жаңа әлемдік рекорд орнатты
Өткен жылы Tesla Motors компаниясы өзінің Model S P85D спорткарының дайын нұсқасын таныстырған болатын. Оның техникалық мінездемесі көпшілікті таң қалдырды.
Естеріңізге сала кетсек, Model S P85D екі бірдей электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалыс кезінде екеуі бірдей іске қосылатын болғандықтан, сағатына 100 шақырым жылдамдыққа небәрі 3,2 секундта жете алады. Сол себепті бұл көлікке «ең үздік электрлі спорткар» деген атау беріліпті.
Соңғы ақпараттарға орай, Tesla электромобилі Палм-Бичте (АҚШ) өтіп жатқан 400 метрлік авто жарысқа қатысқан. Миллиардер әрі инженер Элон Маск басшылық ететін компанияның электромобилі аталған қашықтықты 11,6 секундта басып өткен.
Осы орайда сағатына 100 шақырым қашықтыққа жету үшін небәрі 3,1 секунд жұмсап, жаңа әлемдік рекорд орнатқан. Бұл алдыңғы рекордқа қарағанды 0,1 секундқа жылдам көрсеткіш. Tesla Model S P85D спорткарының рекорды жарыс кезінде NEDRA Ұлттық электромобильдер қауымдастығы арқылы ресми тіркелді.
Көліктің жаңа рекордын төмендегі видео арқылы көруге болады:
Сурет: mport.ua
Оқи отырыңыз:
Tesla Model X электрокарының қытайлық аналогы шықты
Bentley тарихындағы тұңғыш жол талғамайтын көлік
Детройтта 3D-принтермен жасалған көлік таныстырылды
2025 жылы дыбыстан да жылдам пойыздар іске қосылады
Mercedes-Benz жүргізушісіз басқарылатын көлік шығарады
Ж. Өрісбай