- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Bugatti Veyron туралы...
Bugatti Veyron туралы қызықты фактілер
Оқырмандарға Bugatti Veyron туралы кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз:
- Bugatti Veyron әлемдегі ең жылдам сериялы автомобиль. Автоның максималды жылдамдығы 431 км/сағ.
- Аңызға айналған бұл көліктің аты 1939 жылы Ле-Манедағы тәуліктік жарыста жеңімпаз атанған Пьер Вейронның құрметіне қойылды.
- Bugatti Veyron әлемдегі ең қымбат көліктердің бірі болып есептеледі. Автоның орташа бағасы 1,4 миллион еуро. Бұдан қымбат модельдердің де бар екендігін айта кетелік. Кейбірінің әлем бойынша бір ғана нұсқасы бар.
- Көліктің жанармай шығыны да орасан зор. Шамамен алғанда 100 км жолға 125 литр бензин керек болады.
- Максималды жылдамдықпен келе жатқан көліктің тоқтауы үшін 10 секунд жеткілікті.
- Көліктің қозғалтқышының қуаты 1020 -1040 ат күші. Оны суыту үшін 10 радиатор қолданылады..
- Авто салонында Алпі тауында тіршілік ететін сиырлардың терісіі пайдаланылады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: motorauthority.com, chez.com