Автокөліктер жайлы қызықты деректер

Автокөліктер жайлы қызықты деректер

Алғашқы көлік пайда болғалы бері бұл индустрия күннен-күнге жаңа, қызықты, кейде аянышты деректерге толып отырады. Адам баласының өмірін мейлінше жеңілдеткен төрт дөңгелекті темір тұлпар жайындағы қызықты деректерді ұсынамыз.

  • АҚШ-тың екі азаматы -  Чарльз Крейтон мен Джеймс Харгис 1930 жылы көлікпен ең қызықты әрі "рекордты" саяхат жасаған. Олар Нью-Йорктан Лос-Анджелеске дейін, сосын кері бағыттағы арақашықтықты артқы жүріспен жүріп өтті. Бір қызығы аталған арақашықтық 11 мың километрді құрайды. 
  • Дүниежүзіндегі ең кішкентай көлік - Peel P50 Англияда 1962 жылы құрастырылды. Оның ұзындығы 134 см болса, ені 99 см. Бұл "тұлпармен" жүргізуші 64 ш/с жылдамдықта қалаған жеріне қатынай алады. Бір қызығы бұл көліктің беріліс қорабында артқы жүріс баспалдағы қарастырылмаған еді. Бірақ бұл жайт жүргізушіде ешқандай мәселе туғызбайтын. Салмағы бар-жоғы 59 келі болатын көлікті бамперінен бір қолмен көтеріп, орында тұрып айналдыруға болады.

http://www.diseno-art.com/images/peel_p50.jpg

  • Сериялық өндіріске шыққан ең алғашқы көлік Ford Model T болды, ол 1908 жылдан 1927 жылға дейін конвейерден шығып, миллиондаған американдықтардың арманына айналған еді. Бұған дейін көлікті жұмысшылар қолмен жинап, қымбатқа сататын. 1924 жылы осындай "Лиззиді" 265 долларға сатып алуға болар еді. Бұл көліктің 15007033 данасы жарық көрді.

http://www.musclecarclub.com/other-cars/classic/ford-model-t/images/ford-model-t-1a.jpg

  • Юрий Гагарин ғарышқа ұшқаны үшін мемлекеттік нөмірі 12-04 ЮАГ тағылған "Волга" автокөлігімен марапатталған болатын. Назар аударсаңыз, нөмірдегі сандар мен әріптер Гагариннің ғарышқа ұшқан күні мен аты-жөнінің бас әріптері. Гагариннен кейін ұшқандарға осы әріптері бар нөмір тағылған көліктер сыйға тартатын. Ал сандары сәйкесінше ғарышқа сапар жасаған күнге сай еді.
  • Porsche көліктерінің көбінде қозғалтқышты оталдыру кілті рөлдің сол жағында орналасады. Бұның бәрі солақай адамның ісі емес. Осындай орындалу бәйгеге қатысатын жүргізушілердің ыңғайлығы үшін жасалған. Ле-Ман жарысының алғашқы ережелеріне сай, жүргізуші көлігіне жүгіріп барып, көлікті оталдырып, бәйгені бастайтын. Сәйкесінше, оталдыру кілтінің сол жақта орналасуы жүргізушіге ыңғайлы еді.
  • Әлемдегі ең ұзын автокөліктің ұзындығы - 30,5 м. Оның қарама-қарсы жақта орналасқан екі жүргізуші кабинасы бар. Темір тұлпар 13 жұп дөңгелекпен, екі қозғалтқыш және 12 білікпен жабдықталған. Бұл көлік екіге бөлінетіндіктен, бұрылыс маневрларын оңай жасай алады. Бұл көлікті әдетте фильм түсірілімдерінде қолданады.
  • Алғашында BMW компаниясы ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды өндірумен айналысатын. Қазіргі "үшінші", "бесінші", "жетінші" үлгідегі БМВ-лардағы эмблема сол ұшақтардан алынған еді. Бұл компанияның зауыттары Баварияда болғандықтан, таңбадағы сегменттер ақ-көк түстерге боялған. БМВ өз өндірісін қайта қарастырғаннан кейін маркетологтар бұл эмблемаға ұран ойлап табады. "Көк аспанды кесіп өткен ақ пропеллер". Тек араға 10 жыл салғаннан кейін, компания көлік өндірісімен айналыса бастайды.
  • Оңтүстік Корея азаматшасы 69 жасар  Чха Са Сун 2010 жылы жүргізуші куәлігін алды. 2005 жылы жол полициясына куәлік беру өтінішін білдіріп, емтиханға қатысқанымен, сынақтан сүрініп, жүргізуші атағынан айырылған еді. Содан бері Чха Са Сун ерінбей, күн сайын емтихан тапсыруға баратын. Оңтүстік Корея азаматшасы 10 рет практикалық бөлімнен өте алмай қалды. Дегенінен таймайтын Чха Са Сун өз елінің құрметті азаматшасына айналды. Ал Hyundai компаниясы болса, осы оқиға аяқталғаннан кейін, оған көлікті сыйға тартты.

http://thenews.kz/static/news/8/8/882lkNGT.jpg

  • Рөлге мініп алған адам немен айналысады? Жүргізілген сауалнама нәтижесіне сенетін болсақ, еркектердің 66%-ы музыка тыңдайды, 53%-ы жолаушымен қызу әңгіме-дүкен жүргізсе, 27%-ы ұялы телефонмен байланыста болуды қалайды. Рөлге мінгендердің 9%-ы тамақ ішіп, сусынмен шөлін қандырса, жүргізуші куәлік иегерлерінің 2%-ы қырынып, тіпті боянуға ерінбейді екен. Таң қалатын түгі де жоқ. Біздің автобус жүргізушілері бір уақытта жолаушылардан ақша жинап, жоғары деңгейде қосылған музыка тыңдаумен қатар, темекі тартуды да ұмытпайды. Жолаушылармен ұрсысып, телефонмен бар дауысымен сөйлесетіні де бар.
  • 2008 жылдың адам санағына сенетін болсақ, 18 миллион тұрғыны бар Каирда 9 миллион бағдаршам орнатылған еді.

http://www.mochaloff.ru/egipet/0306.jpg

Суреттер:stepandstep.ru