"Тесла" ұсынған өте жылдам поезд

"Тесла" ұсынған өте жылдам поезд

Tesla Motors электрокар өндірушісінің жетекшісі Элон Маск жолаушылардың сағатына 12220 шақырым жылдамдықпен қатынауына жол ашатын өте жылдам транспорттың жобасын ұсынды. Hyperloop деп аталатын жаңа көлік жүйесінің концепциясы жазылған 57 беттік құжат Масктің өзі басқаратын SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды. Аталған компания тұңғыш жеке меншік ғарыш жүк көлігін жасап, оны МКС-ге жібергенімен танымал.

Аталған жобаны жүзеге асыру  үшін арнайы құбыр жүйесін тұрғызу қажет. Құрбы арқылы сығылған ауамен және төменгі қысымның арқасында алюминийден жасалған капсулалар қатынайтын болады. Вагон-капсулалар құбыр үстіне орнатылған күн батареяларынан қуат алатын электр турбиналармен жабдықталады екен. Турбиналар жолаушы модулінің алдында орналасқан саңылау арқылы ауаны сорып, сығып, капсуланың шаңғы шассилеріндегі шағын саңылаулардан үрлеп тастайды. Осылайша, ол көтергіш күшімен қамтамасыз етеді.

Модульдер электрқозғалтқышпен біріктірілген магнит левитациясының көмегімен қозғалатын болады. Қуат тежелу кезінде қайта қалпына келсе, келесі шапшаңдау алдында жиналады (мұндай принцип «Американские горки» аттракционында қолданылады).

Құбыр жүйесін жер үстінде арнайы тіректерге орналастыру жоспарланған. Бірінші құбырды қашықтығы 600 шақырым болатын Сан-Франциско мен Лос-Анджелес қалаларының арасына орналастыру ұсынылған. Осылайша, бір мегаполистен екінші қалаға жетуге небәрі жарты сағат уақыт жұмсалатын болады. Масктың есептеуінше, бір қалаға бару билетінің құны шамамен 20 доллар болады екен.

Сыйымдылығы 28 жолаушыдан тұратын модульден 30 секундтық интервалмен қатынайтын болады. Бұл сегіз шақырымдық интервалды қамтамасыз етеді. Осылайша, оқыс жағдай орын алғанда вагонның тежелуіне бұл қашықтық жеткілікті болады-мыс.

Жобаны іске асыру құны 6 миллиард долларға (тек адамдарды ғана тасымалдау болса) немесе 10 миллиард долларға (егер жүйе автокөліктерді де тасымалдауды қарастырса) бағаланып отыр. Масктың сөзіне сенер болсақ, жоба Калифорниядағы жоғары жыдамдықты темір жол жүйесінің альтернативасы бола алады. Өз кезегінде, аталған темір жол жүйесінің құрылысы 70 миллиард долларға бағаланып отыр.

Маск 1,5 мың шақырым қашықтық үшін жоба үнемді әрі оңтайлы деп есептейді. Hyperloop-тің демонстрациялық нұсқасының өзін жасап шығуға шамамен 4 жыл уақыт кететін көрінеді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru

Ж. FM