Аmazon өзінің алғашқы жүргізушісіз машинасын ұсынды

Аmazon өзінің алғашқы жүргізушісіз машинасын ұсынды
Фото: engadget.com

Аmazon-ның Zoox стартапы алғашқы жүргізушісіз машинаны ұсынды. Автокөлікте руль жоқ болғандықтан ол екі жағымен де жылдам жүре алады.

Көліктің ішінде руль мен кәдімгі орындықтардың орнына бір-біріне қарама-қарсы екі жұп орындық бар. Автокөлік 4 адамды тасымалдауға арналған.

Темір тұлпардың ұзындығы 3,63 метр. Ол 120 км / сағ жылдамдықпен жүре алады. Автокөлік екі батареядан қуат алады, бұл автомобильге 16 сағат бойы қайта зарядтамай жүруге мүмкіндік береді.

Автокөлік екі жақты қозғалысқа арналғандықтан екі  жағынан да қауіпсіздік жастықшасы орнатылған.

Автомобильде автономды басқаруға жауап беретін лидар, радиолокациялық камералар бар. Компанияның айтуынша, бұл жүйелер автомобильге заттарды 150 метр қашықтықта көруге мүмкіндік береді.

Автокөлік салонында музыка мен температураны бақылауға арналған жеке сенсорлық экрандар, көзілдірікке арналған орын және смартфондар үшін сымсыз зарядтауға арналған құрылғы бар.

Т. Раушанұлы