Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Көлік терезе тазалығышы қатып қалмасын десеңіз

Көлік терезе тазалығышы қатып қалмасын десеңіз

Көлік терезе тазалығышы қатып қалмасын десеңіз

Қыс келісімен көлік жүргізушілері жауын мен қардың зардабын тартып, көлікпен әуре-сарсаңға түседі. Мысалы көлік терезе тазалағышының істен шығуы. Оны үзіп алсаңыз, щеткасына зиян келеді. Ал оны түнде көтеріп қоюға болмайды – созылып, серіппесі бұзылады. Көлік сүйер қауым бұл мәселемен күресудің бірнеше амалын тапты.

Астына аққайнардың (шампан) қақпағын салу
Щетка әйнекке жабысып қалмауы үшін екеуінің ортасына аққайнар қақпағын қыстырып қойсаңыз болады.

Картон төсеу
Терезе тазалағышты сүртіп, әйнектің кез келген жерін таза сүрткішпен құрғатыңыз. Содан кейін екі араға картонның кішкене бөлігін салып қойыңыз. Арасын бөліп тұру үшін қатты қағаз қолдансаңыз да жарайды.

Терезе тазалағышқа целлофан қалта кигізу
Сонда щеткаға, беткі терезеге қар да, ылғал да тимейді.

Терезе тазалағышқа шұлық орап қою
Терезе тазалағышқа шұлықты орап, оның астыңғы жағын сүрткішпен сүртіп, құрғатқан абзал. Әйтпесе таң атқанда шұлық әйнекке жабысып, ажырату одан сайын қиындай түсуі ықтимал.

Терезе тазалағышқа арнайы сұйықтық қолдану
Мұз боп қатуға қарсы сұйықтықтың барлығына спирт қосылады. Оны беткі терезеге не щеткаға шашып қоюға болады немесе арнайы автохимия өнімдерін қолданыңыз. Оның құрамында су жұқтырмайтын силикон бар. Арнайы автохимияны терезе тазалағышқа жақсаңыз, мәселенің алдын алуға көмектеседі. Кірінен арылтып, резеңке бөлігіне сұйықтық жағуды апта сайын қайталап отыру қажет.

Жылыту жолағын орнату
Оны интернет дүкендерден қолжетімді бағаға табуға болады. Жылыту жолағын терезе тазалағыштың қарсы бетіне, яғни көліктің ішкі жағына әйнекке жапсырып қояды. Қатып қалған терезе тазалағышты 3-5 минут ішінде жібітеді.

Щетканы қыстық түріне ауыстыру
Қысқы мезгілге арналған терезе тазалағыштардың қорғауыш қаптамасы болады. Оның қарға және мұзға қарсы тұратын металл құрылымы және тазартатын арнайы элементі болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: cheton.md
Қосылған күні: 10 қаңтар, 18:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.