Қазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша ақша жұмсайды?

Қазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша ақша жұмсайды?
Фото: fishki.net

Қазақстанда 2019 жылдың басынан бері жоғары сұраныстағы 6,6 мың мемлекеттік тіркеу нөмірі сатылды, - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арнайы бөлімі филиалының бас маманы Мақпал Ахметова.

"Жыл басынан бері бүгінге дейін 1,5 млрд теңгеге жоғары сұраныстағы 6 644 мемлекеттік тіркеу нөмірі сатылды", - деді Ахметова онлайн-конференция барысында.

Былтыр елімізде жоғары сұраныстағы 14 909 нөмір сатып алынған. Мұндай нөмірлердегі ең қымбаты "001"-ден "007"-ге дейінгі және "777" цифрларынан тұратын комбинациялар екен.

"Мұндай комбинациялар, "777"-ден басқа, 575 700 теңге тұрады, "100"-ден "900"-ге дейін 345 925 теңге тұрады", – деп нақтылады ол.

Ахметова VIP-нөмірлердің құны айлық есептік көрсеткішке байланысты әр жылдың қаңтарында өзгеріп отыратынын айтты. Нөмірдегі "күшті" сандық жиынтықпен қатар, әріптердің бірдей жиынтығын таңдауға болады.

"Бірдей әріптік белгілері бар нөмірлерді де сатып алуға болады, олардың құны – 57 АЕК (143 925 теңге). Ал егер әртүрлі әріптер болса, ол үшін төлеу қажет емес", – деп нақтылады "Азаматтарға арналған үкімет" өкілі.

Massaget