Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Мінілген көліктердің ең мықтылары анықталды

Мінілген көліктердің ең мықтылары анықталды

Мінілген көліктердің ең мықтылары анықталды

Ұлыбританиядағы What Car порталы мінілген көліктер арасындағы ең мықтыларын анықтады. Сауалнама бойынша ең үздік 10 автокөлік тізімі жасалды.

Портал жүргізген сауалнамаға 4 пен 10 жыл арасында көлік айдаған 18 мың жүргізуші қатысқан. Олар өз көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айтқан. Нәтижесінде мінілген көліктер арасында ең сенімді, көп бұзыла бермейтін темір тұлпарлар белгілі болған. Ол қандай көліктер екен?

10. Volkswagen Touareg (2010–2018)

Бұл автокөлікті  мінетіндер аса көп шағымданбаған. Көп бұзылмайтынын айтқан. Тек кей керек-жарағына көбірек шығындануға тура келеді екен.

9. Honda Jazz (2008 - 2015)

Жапон жеңіл көлігін айдайтындардың 3%-ы ғана өз көліктерінің жайсыз екенін айтқан. Ең көп шағымданатын тұсы - жерсеріктік навигация.

8. Honda CR-V (2012 - 2018)

Honda CR-V ескі болса да, мінілген көліктер арасында ең мықтылары қатарында.

7. Honda Civic дизель (2012 - 2017)

Honda компаниясы шығаратын тағы бір көлік маркасы үздіктер қатарынан табылған. Жүргізушілер дизельмен жүретін Civic нұсқасын мықты санаған.

6. Lexus RX (2009 - 2016)

Lexus ең шыдамды автокөліктер қатарынан түскен емес. Сауалнамаға қатысқан жүргізушілер 2009-2016 жылдар аралығында шыққан RX нұсқасына көбірек сенім білдірген.

5. Seat Leon (2013 - қазірге дейін)

Seat Leon - отбасылық хэтчбек автокөліктер арасында үздігі.

4. Mitsubishi ASX (2010 - қазірге дейін)

Бұл автокөлікке жаңа кезінде 3 жылға дейін арнайы кепіл бар. Мінілгендері де шыдамды келеді екен.  Жүргізушілер ең жақсы жабдықталған автокөлік деп баға берген.

3. Audi Q3 (2011 - 2018)

Мінілген көліктер арасында үздік үштікке Audi Q3 енген. Бензинмен жүретін түрлерінде қозғалтқышы көп бұзыла бермейді екен. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарына да көп қаржы шығындамауға болады.

2. Lexus CT (2011 - қазірге дейін)

Егер ұзақ уақыт бір көлікті тізгіндеу керек болса, онда жүргізушілер Lexus CТ темір тұлпарын таңдауға кеңес берген. Экологиялық тұрғыдан да таза автокөліктердің бірі.

1. Toyota Yaris (2011 - қазірге дейін)

Британиялық автокөлік жүргізушілері үздік деп танығаны - Toyota Yaris. Бұл автокөлікті мініп жүргендердің барлығы дерлік ешбір шағым айтпаған.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: CNET.com
Қосылған күні: 20 мамыр, 10:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.