Көшіруден көш бастайтын қытайлықтар электрокар шығарды

Көшіруден көш бастайтын қытайлықтар электрокар шығарды
Фото: hi-news.ru

Ғаламды озық үлгідегі техника билей бастаған заманда, Жапония, Қытай, АҚШ сынды алпауыт мемлекеттердің жаңа үлгіге сай болуы айқын білінді. Әлемді әр түрлі заманауи техникамен жабдықтаудан жалықпаған елдердің арасында бәсекелестік те пайда болды. Смартфондардың жыл сайынғы жаңалық ашуымен қатар, теледидарлардың теңдессіз дамыған түрі пайдалануға ыңғайлылығы, әрі әдемі көптеген озық қосымшаларымен таңқалдыруын тоқтататын емес.

Бүгін де тұрмыстық заттарды тұтастай игеріп үлгерген ғалымдардың ендігі кезегі электрокарларға келсе керек. Американың ғалымдары ойлап шығарған "Tesla" электр көлігі жұртшылықты таңқалдырғаны анық. Атақты өнертапқыш Никола Тесланың құрметіне қойылған көлікті тұтынушылар саны уақыт өткен сайын қоғамда артып келеді. Жаңа технологияға көз тіккен көшірме жасаудан көш бастайтын қытайлықтар да көштен қалуын доғарар емес. Өздерінің ақылды теледидарларымен және керемет смарт телеофондарымен атағы шыққан "LeEco" компаниясына енді "LeSEE" электрокөлігі де тиесілі. 

Компания директоры Цзя Ютин алғашқы жұмыстарын таныстыру барысында көліктің болашақта жүргізушісіз такси қызметін де атқара алатынын тілге тиек етті. "Tesla"-мен бәсекеге түсуге дайын көліктің жарыққа шыққаныменен әзірге жаппай сатылуға шығуына ертерек. Себебі кішкентай ғана кемшіліктің компанияны үлкен шығынға батыратыны анық.

B. ZHAQSYMBET