Volkswagen акцияcы 23 пайызға төмендеді

Volkswagen акцияcы 23 пайызға төмендеді
Фото: etoday

Немістің Volkswagen концернінің акциясы 23 пайызға құлдырады. Оған өткен аптадағы жанжал түрткі болған. Жанжада көлік өндірушінің экологиялық қауіпсіздік сынақ нәтижелері бұрмаланғаны белгілі болды. Осы тарапта компания басшылығы кеткен оқылығы үшін кешірім сұрап, іште тексеру жүргізілетіні туралы жария еткен. 

Айта кетейік, Volkswagen жарнама науқаны кезінде қоршаған ортаға зиянды газдардың аз шығарылатынын алға тартқан. Соның арқасында ол сатылым саны бойынша Toyota-дан басып озған еді.

Жанжал туралы Мэттью Бизли, Henderson Global Investors компаниясының өкілі:  Volkswagen ірі көлемде айыппұл төлеуі ғажап емес. Бұл Өз кезегінде акция құнының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Соңғы оқиға компания беделіне нұқсан келтірді. Инвесторларды осы жайт та алаңдатуда, — деді.

Дереккөз: 24.kz

С. Ерсін