Таяуда Sony автокөлігін мінуіңіз мүмкін

Таяуда Sony автокөлігін мінуіңіз мүмкін
Фото: www.youtube.com

Күн шығыс елінің ең атақты Sony компаниясы ендігі кезекте қарапайым техника құралдарынан бөлек көлік құрастыруды көздеп отыр.

Компания өздігінен жүретін, яғни жүргізушісіз жүретін көлік түрлерін шығарып қалуы әбден мүмкін. Бұл туралы компания басшысы Казуо Хираи: — Біздің компания көлік өнеркәсібін жақсы игере алған кезде ғана көлік шығарумен айналысады, -деді.

Қазіргі таңда компания зауыттары телефон смартфондарынан бөлек көліктерге арналған видеосенсор шығарумен айналысады.

Н. Нұрмаханұлы