- Негізгі бет
- Авто
- Детройтта 3D-принтермен жасалған...
Детройтта 3D-принтермен жасалған көлік таныстырылды
Өткен жылы Local Motors компаниясы International Manufacturing Show 3D-принтермен жасалған Strati көлігін жарыққа шығарған болатын. Расында бұл көлік дизайны, қуаттылығы жағынан шынайы көлікке ұқсамайтын еді. Бүгінде 3D-басалымдар технологиясы даму үстінде.
АҚШ-тағы халықаралық NAIAS автосалонында өтетін көрмеге Shelby Cobra көлігінің 3D-принтермен шығарылған нұсқасы қойылмақ. Бір қызығы қарапайым көліктің құрылымына ие болған темір арбаны құрастыруға небәрі 6 ай жұмсалған. Shelby Cobra көшірме нұсқасын жасауға Oak Ridge National Laboratory қолдау білдірген. Шындығында көліктің барлық бөлшектері 3D-басылыммен шықпаған. Көліктің қозғалтқышы және тағы басқа мотордың бөлшектері қарапайым жолмен жабдықталған.
Shelby Cobra дизайнының да өзіндік таңдалу себебі бар. Классикалық көліктің алғашқы шығарылымына 50 жыл толу құрметіне арнайы дайындалған.
Сурет: www.naked-science.ru
Оқи отырыңыз:
Дрифттен жаңа Гиннес рекорды орнатылды
2025 жылы дыбыстан да жылдам пойыздар іске қосылады
NASA мен Nissan бірігіп көлік шығарады
Сингапурда жүргізушісіз қозғалатын таксилер пайда болады
Mercedes-Benz жүргізушісіз басқарылатын көлік шығарады
Ж. Өрісбай