MidJourney нейрожелісін қалай қолдануға болады?

MidJourney нейрожелісін қалай қолдануға болады?
Фото: massaget.kz

Әлеуметтік желіні шулатқан нейрожелінің бірі – Midjourney. Ол жерде мәтінмен тапсырма бере отырып, керекті картина, иллюстрацияларды алуға болады.

Нейрожелі әлі пайдаланушымен тікелей байланыса алмайды, тек Discord-тағы бот арқылы жұмыс істейсіз.

MidJourney нейрожелісін қалай қолдану  үшін мына реттілікті сақтаңыз:
- Discord-қа тіркеліңіз 
- MidJourney Discord серверіне кіріңіз
- "Newbie - *" деп басталатын кез келген топқа өтіңіз. Қасындағы топ саны маңызды емес.
- Хабарлама енгізу терезесіне /imagine деп теріңіз
- Prompt деп белгіленген терезе пайда болған кезде, суреттің сипаттамасын ағылшын тілінде енгізіңіз.

Сурет сипаттамасын қалай жазамын?

Тапсырма ағылшын тілінде болуы керек, егер бұл қиын болса, кез-келген аудармашыны қолдана аласыз. 

Мінсіз нәтижсе алу үшін тапсырма мына ереже бойынша жазылады:  Нысан:: оптика::рендер

Нысан - суретте не болуы керек және оның іс-әректі, сипаттамасы. Артқы фон қалай болу керегін де осы жерде айтасыз.

Оптика - суреттің фокусы, бұрыш және түрі (портрет, пейзаж)

Рендер — сурет өлшемі. Әдетте 1:1, яғни шаршы форматта дайындайды. Бірақ, сіз қаласаңыз 16:9 немесе 4:3 өлшемін сұрай аласыз.

Сипаттамадағы тыныс белгілер:
Қос нүкте. Сипаттамадағы осы нүктелер нейрондық желілерге логикалық бөліктің аяқталатындығы туралы хабар береді. 

Қос қысқа сызықша. Әдетте бұл кішігірім параметрлер: кескіннің арақатынасы (-- ar 16:9, -- ar 1:1) немесе  оны былай да бере аласыз: --w 1920 --h 1080.

Нәтижені қалай сақтаймын?

Нейрожеліге тапсырма бергеннен кейін астында жоғарыдағы сурет секілді 2 қатарға орналасқан 8 батырма шығады. 

U1, U2, U3, U4 — upscale. Бұны басқан кезде желі сізге таңдаған суретіңізді өңдеп, жалғыз өзін береді.
V1, V2, V3, V4 —  variants. Бұны басқан кезде нейрожелі таңдаған суретіңіздің тағы 4 нұсқасын ұсынады.

 Осылай керек суреттерді жеке сақтап ала аласыз.

Т. Есқали