- Негізгі бет
- Техно
- Физика бойынша Нобель...
Физика бойынша Нобель сыйлығын Франция, АҚШ және Аустрия ғалымдары алды
Физика бойынша биылғы Нобель сыйлығы француз ғалымы Ален Аспеге, америкалық Джон Клаузерге және аустриялық Антон Зейлингерге «шиеленіс фотондармен тәжірибе жүргізгені, Белл теңсіздіктерінің бұзылуын анықтағаны және кванттық информатиканың жаңашылдығы үшін» берілді. Бұл туралы Нобел комитетінің ресми сайты хабарлады.
Швед биологы медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Ален Аспект, Джон Клаузер және Антон Зейлингер екі бөлшек бөлінген кезде де біртұтас болып әрекет ететін шиеленіскен кванттық күйлерді қолданып, жаңа тәжірибелер жүргізді. Олардың нәтижелері кванттық ақпаратқа негізделген жаңа технологияларға жол ашты.
"Кванттық технологияның жаңа түрі пайда болып келе жатқаны барған сайын анық бола түсуде. Біз лауреаттардың жұмысы кванттық механиканы түсіндірудің іргелі сұрақтарынан тыс үлкен мәнге ие екенін көреміз", - деді физика бойынша Нобель комитетінің төрағасы Андерс Ирбек.
Жеңімпаздарды жариялау рәсімін Нобель комитетінің сайтында тікелей эфирде көруге болады.
2022 жылғы Нобель апталығы 3-10 қазан аралығында өтеді.
Айта кетейік, кеше, 3 қазанда физиология және медицина бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы швед биологы Сванте Паабоға берілді. Ол жойылған гоминидтердің геномдары мен адам эволюциясы саласындағы жаңалығы үшін лауреат атағын алды.
Т. Раушанұлы