Apple смартфонға арнап ақылды қуаттағышын жасап шықты

Apple смартфонға арнап ақылды қуаттағышын жасап шықты
Фото: mobilescout.com

Apple компаниясының өзінің төл баласы – iPhone-ға арнап ақылды қуаттағын құрастырып шықты. Бұл жайлы Appleinsider басылымы жазды.

Қуаттағышға ақылды деп атақ берудің себебі – смартфонға сұққан кезде қандай гаджетке қосылғанын өзі тани алады әрі сымсыз қуат береді, гаджеттің мәліметтерін көшіру үшін де пайдалануға болады.

iPhone қуатталып жатып қызып кетсе, қуаттағыш соны да «байқап қояды». Ондай кезде қуаттауын доғара қояды.

Тағы бір қызығы – қуаттағыш смартфонның сыртында тағылып тұрған аксессуардың өзін танып, соған қарай біресе жылдам, біресе баяу қуаттап отырады.

Одан бөлек, «ақылды қуаттағыштың» аутентификациялық қасиеті бар. Яғни, смартфонға қосылып тұрған аксессуарды анықтап, оның функцияларын орындауға көмектеседі. Мамандардың айтуынша, мұны кілт ретінде пайдалануға болады. Бірақ әзірше ондай функциясын қалай жүзеге асырады, белгісіз.

Қ. Слямбек