Жапон ғалымдары қартаюға қарсы вакцина ойлап тапты

Жапон ғалымдары қартаюға қарсы вакцина ойлап тапты

Жапон ғалымдары қартаюды бәсеңдететін вакцина ойлап тапты. Бұл туралы Nature Aging хабарлады.

Вакцина аминқышқылдары мен "тірі" ақуызға негізделген. Вакцина жасына қарай көбейе алмайтын және адам ағзасында жинақталатын ескі жасушаларды (зомби жасушалары) ыдыратады.

Мамандардың айтуынша, бұл вакцина қан тамырлары, қант диабеті, семіздікке шалдыққандар немесе қарт адамдарға көмектесе алады.

Препарат алдымен тышқандарға сынақтан өткен. Тәжірибелер кезінде кеміргіштердегі зомби жасушаларының саны азайған.

Бұған дейін Жапониядағы Кобе университетінің ғалымдары В2 дәрумені жасушалардың қартаюын тежейтінін хабарлады.

Алайда дәрі-дәрмексіз жастықты сақтауға болады. "Жас көрінудің тағы бір құпиясы тәтті тағамдардан бас тарту", – дейді ағылшын мен неміс генетиктері. Қозғалыс – өмір. Жаяу жүрсеңіз өміріңіз ұзара түседі. Сарапшы мен ғалымдардың жаяу жүрудің пайдасы туралы зерттеулерін Гиппократтан бастауға болады. Ол осыдан 2400 жыл бұрын: "Жаяу жүру – адам үшін ең бірінші медициналық көмек" деп айтқан.  Күнделікті жаяу жүру жүрек-қан тамыр ауруын 31 процентке азайтады. Жаяу жүрген адамдардың өмірі көп қозғалмаған адамдарға қарағанда 32 процентке ұзарған. Мысалы, күнделікті 2 шақырымнан артық жаяу жүретін адамдардың өмірі 22 процентке ұзарады. Ал америкалық ғалымдар адам қанша сабырлы болса, сонша жас көрінетінін айтады.

Айта кетейік, Қазақстан халқы қартайып бара жатқаны хабарланған болатын. Сарапшылар мұндай қорытындыға елдегі демографиялық ахуалды зерттегеннен кейін келген.

БҰҰ болжамы бойынша, әлемнің көптеген аймақтарындағы сияқты Қазақстанда да халық саны алдағы бірнеше онжылдықта өседі және 2050 жылға қарай шамамен 24 миллион адамға жетеді. Биылдың өзінде ел халқының саны 19 миллионнан асты.

Т. Раушанұлы