Әлемдегі ең үздік әуекомпания анықталды

Әлемдегі ең үздік әуекомпания анықталды

Аустралиялық жолаушылар әуе сапарларының қауіпсіздігі мен сапасын бағалауға мамандандырылған AirlineRatings.com агенттігі әлемдегі ең үздік әуекомпаниялардың жыл сайынғы рейтингін түзді.

Әуекомпаниялар бірқатар көрсеткіштер бойынша бағаланады, соның ішінде жолаушылардың әуекомпания туралы пікірі, ұсынатын қызметтердің алуан түрі, әуе паркінің жасы, пандемия кезіндегі шаралар алдыңғы қатарда есептеледі.

AirlineRatings.com сарапшылары Qatar Airways-ті биылғы жылдың ең жақсы әуе компаниясы деп атады. Ал  рейтингте көптен бері көш бастап келе жатқан Air New Zealand компаниясын 2-орынға түсті.

Qatar Airlines әуеакомпаниясы жолаушыларға жаңа өнімдерді, жоғары сапалы ұшу қызметін ұсынғаны, жаңашылдық танытқаны және пандемия кезінде де рейстерді тоқтатпауға тырысқаны үшін үздік атанған.

Әуе компаниялары ондығына Qantas, Emirates, Cathay Pacific, Virgin Atlantic, United Airlines, EVA Air, British Airways енді.

Атап айтқанда, Qantas әуежайлардағы ең жақсы демалыс орындары болғаны үшін, Сингапур әуекомпаниялары 1-сыныптағы үздік авиакомпания болғаны үшін, ал Virgin Australia үздік экипажы бар әуе компаниясы болғаны үшін жоғары нәтижелер көрсетті.

Еуропадағы, Азия-Тынық мұхиты мен Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы ең жақсы бюджеттік әуеакомпаниялар жарияланды. EasyJet, Jetstar және Southwest сәйкесінше бұл рейтингте көш бастады.

А. Оралқызы