- Негізгі бет
- Техно
- Ойды оқитын құлаққап...
Ойды оқитын құлаққап жасалды
Ойды оқуға арналған құлаққап жасалды. Бұл құрылғы Enten деп аталады. Әдеттегі біз пайдаланатын құлаққапқа ұқсайды, бірақ онда мидағы нейрондар тудыратын электрлік сигналдарды қадағалайтын датчиктері бар.
Ол адам назарын бір жерге аударғанда ми толқындарының қандай болатынын білуге арналған машиналық оқыту алгоритмдерін қолданатын қосымшамен бірге жұмыс істейді.
Содан кейін жүйе хабарландыруларды өшіре алады, тыныштандыратын ақ шуды қосады немесе "ойды қуаттау" үшін үзіліс жасауға шақырады. Осылайша құлаққап сізге психикалық үзіліс қажет болған кезде анықтайды.
Neurable бас атқарушы директоры Рамзес Алкайд бұл құрылғыны жол апатында аяғынан айырылғаннан кейін өзіне протез ойлап тапқан нағашы ағасының ісінен шабыт алып жасаған.
"Мені инженерлік әзірлемелер адамның ұтқырлығы мен әл-ауқатын қалай жақсартатыны қатты қызықтырды. Осы процесте адамдардың көптеген мәселелерін басқару орталығы – миымен жұмыс істеу арқылы шешуге болатынын түсіндім. Адамдар күніне тек екі-үш сағаттан жоғары өнімділікке ие деген теорияны негізге ала отырып, Enten үзіліс ұсынады, хабарландыруларды бұғаттайды және шуды азайтады, сондықтан пайдаланушылар күні бойы жұмысқа назар аудара алады", - дейді ол.
Болашақта құрылғы адамның жағдайын басқа факторлар арқылы анықтайды. Осы мәліметтер негізінде құлаққап ойнату тізіміндегі музыканы өз бетінше таңдайды. Қазір құлаққаптың құны 279 доллар (119 мың теңге).
Т. Раушанұлы