Жеті дисплейі бар ноутбук

Жеті дисплейі бар ноутбук
Фото: ladbible.com

Ұлыбританияның Expanscape компаниясы жеті дисплейі бар ноутбукты сатылымға шығарды. Компания мұндай ноутбукты алғашқылардың бірі болып жасап шықты.

Барынша жетілдірілген ноутбук Aurora 7 деп аталады. Өндірушілер ерекше техниканы бағдарламашылар, киберқауіпсіздік саласындағы сарапшыларға арнап жасаған. Олар үшін экранның көбірек болғаны маңызды.

Техникалық сипаттамалары барынша жетілдірілген ноутбук дербес режимде тек бір сағат жұмыс істей алады. Әр жерге ауысып жүргенге ыңғайлы етіп жасалған.

Айрықша жасалған ноутбукта негізгі экран және оған қосымша бес дисплей бар. Ал жетінші дисплейі пернетақта маңына орнатылған. Төрт дисплей 43 сантиметрлі 4К болса, үшеуі 17 сантиметрлі Full HD сапасында жабдықталған. Intel Core i9-9900K процессоры және жедел жады 64 гигабайтты құрайды.

Алдағы уақытта өндірушілер Aurora 7 ноутбугын тағы да жетілдіре түспек.

Н. Үсенова