Смартфонды түнде өшіріп қоюдың пайдасы

Смартфонды түнде өшіріп қоюдың пайдасы
Фото: zdorovieinfo.ru

Түнде смартфонды өшіріп қоюды әдетке айналдырудың пайдалы психологиялық әсері бар. Мұны "Роскачества" ұйымының маманы Алеся Боровикова айтты.

Маманның айтуынша, смартфонды түнде өшірудің техникалық жағынан пайдасы жоқ, өйткені гаджет ұзақ уақыт бұзылмай қолданылу үшін жасалған. Ал психологиялық тұрғыдан смартфонды түнде өшірудің пайдасы бар. "Түнде смартфон қолдану ұйқыны бұзатынын түрлі зерттеулер дәлелдеген" дейді Боровикова.

Ұйқы жарық сөнгенде келетіні сынды смартфонды түнде қосып қою қолдану көзді ауыртады әрі ұйқыны қашырады.

Сондықтан Боровикова айтуынша, смартфонды түнде арнайы режімге қойып, экранды көзді ауыртпайтындай көлеңкелі түске ауыстырған жөн.

"Бұл режим әр смартфонда әртүрлі. Мәселен Xiaomi, Night Shift у iPhone-де кітап оқу режимі дәлірек келеді", - дейді маман.

Сондай-ақ маманның айтуынша, смартфонды түні бойы қуаттауға болмайды. Бұл оның аккумуляторының тозуына әсер ететін көрінеді. "Одан да таңертең қойып, біраз қуаттап алған жөн", - дейді маман.

Қ. Слямбек