Илон Маск кемесімен төрт ғарышкер орбитаға ұшты

Илон Маск кемесімен төрт ғарышкер орбитаға ұшты
Фото: edition.cnn.com

Төрт ғарышкер Crew Dragon-1 ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына ұшты. Бұл кеменің ХҒС-ке алғашқы тұрақты рейсі.

Ғарыш кемесі Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыранының көмегімен Шығыс жағалау уақытымен 15 қараша күні сағат 19:27-де ұшырылды. Әуе рейсі 14 қарашаға жоспарланған, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күнге шегерілген еді.

КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?

Зымыран көтерілгеннен кейін тоғыз минут өткен соң, оның алғашқы сатысы Атлант мұхитындағы платформаға түсті. Кейінірек зымыранның екінші сатысы да бөлініп, кеме орбитаға көтерілді.

Бортта үш америкалық астронавт бар –  олар экипаж капитандары Майкл Хопкинс, Виктор Гловер, Шеннон Уолкер және жапон астронавты Соити Ногучи. Олар ХҒС-те 6 ай болады.

Crew-1 экипажы қазір ХҒС-да жұмыс істеп жатқан НАСА астронавты Кэтлин Рубинс пен ресейлік ғарышкерлер Сергей Рижиков, Сергей Куд-Сверчковтарға қосылады.

Crew Dragon-1 ХҒС-ке 16 қараша күні қосылады деп жоспарланған.

Дуглас Харли мен Роберт Бенкен ©Kim Shiflett / NASA

Айта кетейік, Crew Dragon мен Falcon 9 зымыраны америкалық кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі. Кеме – NASA жүктерін ХҒС-ға 2012 жылдан бастап жеткізу үшін пайдаланылатын ғарышкерлерге арналған Cargo Dragon жүк кемесінің нұсқасы. Ол жұмыс режимінде 2-4 астронавтты ғарышқа алып шығады. Ал жүксіз кемеге 7 астронавт сыяды.

Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары

Бұрын АҚШ-тың "Атлантис" шатлы соңғы рет 2011 жылы ұшырылған. Содан бері NASA ғарышкерлерін ХҒС-ға ұшыру үшін Ресейдің "Союз" ғарыш кемесінің көмегіне жүгініп келген. Ал 30 мамыр күні адамзат тарихында алғаш рет коммерциялық SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесімен орбитаға аттанған NASA астронавттары Боб Бенкен мен Даг Херли екі ай бойы Халықаралық ғарыш станциясында болды. Бенкен мен Херли Жерге 2 тамызда оралды.

Т. Раушанұлы