Фото өңдеуге арналған 5 қосымша

Фото өңдеуге арналған 5 қосымша
Фото: t.me

Instagram өміріміздің бір бөлшегіне айналып үлгергені қай уақыт. Бүгінде әлеуметтік желімен бизнес жасап, жұмыс істеп, блогер болып жүргендері қаншама. Егер сіз профиліңіз әдемі болғанын қаласаңыз, фото өңдеуге арналған мына 5 қосымшаны пайдаланып көріңіз.

1. Snapseed

Google жасаған бұл қосымшада сурет өңдеуге және түзетуге арналған 20-дан астам құрал бар. Егер фотоны түбегейлі өңдегіңіз келсе, Snapseed мобильді фоторедакторын қолданыңыз.

Платформа: iOS, Android

2. Adobe Lightroom CC

Бұл қосымша арқылы фотосуреттегі белгілі бір аумақты таңдап, өңдеуге болады. Сонымен бірге Lightroom түсті, жарықты өзгерту секілді көптеген параметрмен мақтана алады. Бұл қосымшаның басқалардан ерекшелігі, өзіңізге ыңғайлы пресет жасап, кез келген фотода дайынын қолдана бересіз. Желіде дайын пресеттер де баршылық. Ақылы нұсқасы айына 5 ғана доллар тұрады.

Платформа: iOSAndroid

3. VSCO

VSCO қосымшасында сүзгілердің небір түрі бар. Тегін де, ақылы да нұсқасында сүзгілер өте көп. 

Платформа: iOSAndroid

4. Adobe Photoshop Express

Бұл – Photoshop-тың мобильді нұсқасы. Компьютердегі нұсқасымен салыстырғанда мүмкіндігі аз болғанымен, смартфон үшін ыңғайлы қосымшалардың бірі. Express деп аты айтып тұрғандай суретті оңай әрі жылдам өңдеп, түзеп, әдемілей аласыз.

Платформа: iOSAndroid

5. PicsArt

Қосымшада суретті тек өңдеп қана қоймай, слайд-шоу және коллаж жасауға мүмкіндік бар. Фотоның бетіне мәтін жазуға, стикер не маска қоюға, әртүрлі эффект қолдануға болады.

Платформа: iOSAndroid

А. Рысдәулет