Илон Маск тағы 60 жерсерік ұшырды

Илон Маск тағы 60 жерсерік ұшырды
Фото: vk.com

АҚШ кәсіпкері Илон Масктың SpaceX корпорациясы жасаған Falcon 9 зымыран-тасығышы Жер орбитасына ғаламдық интернет желісін құруға арналған 60 шағын Starlink жасанды жерсерігін шығарды. Бұл туралы компания Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Space X компаниясы негізін қалаған Starlink интернет желісіне арналған осындай жерсеріктер саны орбитада 480-ге жетті. Space X инженерлерінің тексеруінен соң әрқайсысы 260 келі болатын жасанды серік ионды қозғалтқыштың көмегімен 550 шақырым биіктікке көтерілді.

Бұл Starlink жобасының жер серіктерінің осымен орбитаға сегізінші ұшырылуы. Жетіншісі 22 сәуірде ұшырылған еді. Ұшудан отыз минут өткен соң Falcon 9 зымыран тасығышы Атлант мұхитындағы жасанды платформаға сәтті қонды. S

SpaceX компаниясының жоспары бойынша, 12 мың жасанды жерсерігінен тұратын ғаламдық жүйе толық іске қосылғаннан кейін Жер шарының кез келген түкпірінен кең жолақты интернет байланысына қосылуға мүмкіндік тумақ. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестицияның жалпы құны 10 миллиард доллар деп бағаланған.

Айта кетейік, Starlink – бұл ғаламшар тұрғындары үшін кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған келесі буынның спутник желісі. Жоба 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Содан кейін Falcon 9 көмегімен екі спутник орбитаға бағыт түзеді. Барлығы 12000 жер серігі орбитаға шығарылады. Сондай-ақ, 328 шақырымнан 580 шақырымға дейін орбитаға 30 000 қосымша жерсеріктерін жеткізу жоспарланған.

 

Т. Раушанұлы