Facebook видеоконференцияға арналған Messenger Rooms сервисін таныстырды

Facebook видеоконференцияға арналған Messenger Rooms сервисін таныстырды
Фото: engadget.com

Facebook компаниясы топтық видеоконференцияға арналған Messenger Rooms сервисін таныстырды.

Видеоконференцияға 50 адамға дейін қатыса алады. Қатысу үшін Facebook қолданушысы болу шарт емес.

Rooms сервисінде сеанс ұзақтығына шектеу жоқ. Қосымша опциясы көп, мысалы қоңырауларды бұғаттап, бөтен қолданушыны өшіруге болады.

Facebook мессенджерінде де топтық қоңыраулар бар, бірақ оған 8 адамға дейін қатыса алады.

"Rooms – Zoom мен Houseparty сервистерінің потенциал бәсекелесі", - дейді CNBC. Пандемияда кең танылған Zoom сервисінің тегін нұсқасында видеоконференцияға 100 адамға дейін қатыса алады және оған 40 минут беріледі.

Компания бұдан басқа жаңалығын бөлісті. WhatsApp мессенджерінде де топтық қоңыраулардағы қатысушылар санын төрттен сегізге дейін арттырмақ. Ал Instagram-да трансляцияларды веб-нұсқада көріп, пікір жазуға мүмкіндік жасалады.

Massaget.kz