Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Әлемдегі ең танымал смартфон қайсы?

Әлемдегі ең танымал смартфон қайсы?

Әлемдегі ең танымал смартфон қайсы?

Omdia компаниясының зерттеуінше, қазіргі кезде әлемде ең танымал әрі ең көп қолданылатын смартфон – iPhone XR екен.

Компанияның есептеуінше, былтыр Apple компаниясы iPhone XR-дің 46 млн данасын сатқан. Одан кейінгі орында iPhone 11 тұр. Одан 37 млн дана сатылған. Ал үшінші орында – Samsung Galaxy A10. Сатылған данасының саны 30 миллионнан асады.

Алғашқы ондыққа Apple мен Samsung компаниясының өнімдерімен бірге қытайдың Xiaomi компаниясының өнімдері  де кірген екен. 

Omdia зерттеу компаниясының ресми өкілі Джуси Хонгтың айтуынша, әзірше Apple-ге жетер, оның девайсынан асып түсер құрылғы жоқ. Apple-дің алғашқы қос орынды бермей келе жатқанына биыл – бесінші жыл.

Мәселен, 2018 жылы жылдың үздік смартфоны iPhone 8 (31,5 млн дана), екінші және үшінші орындарды iPhone X пен iPhone 8 Plus бөлісіп алған. Ал биыл бас жүлдені алған iPhone XR-дің ол кезде 23 млн данасы сатылған. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: yandex.kz
Қосылған күні: 27 ақпан, 08:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.