Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Қытай күзге дейін 5G желісін таратады

Қытай күзге дейін 5G желісін таратады

Қытай күзге дейін 5G желісін таратады

Қытайға жылдам ғаламтор желісін таратумен айналысып жатқан China Unicom компаниясы 2020 жылдың күзіне дейін 5G мобильді байланыс бекеттерін 250 мыңға дейін жеткізбек. Сонда Қытай провинцияларының түгелге жуығы 5-ұрпақ ғаламторына қолы жеткізбек.

Аталмыш компания – Қытайдағы ең ірі байланыс операторы. Бүкіл елге жалғыз өзі шапшаң ғаламтор желісін таратып жатқан компания бұған дейін 5G-ні осы жылдың соңына дейін таратып бітеміз деп жоспарлаған еді. Бірақ ұйымдастыру жұмыстарын тездету арқылы жоспарды үш айға дейін қысқартуды мақсат тұтты.

China Unicom компаниясы басшылығының айтуынша, 5G желісін тарататын инфрақұрылымдарды салу жұмысын жеделдету коронавирустан зиян шеккен қытай экономикасын құлдыратпай, өз деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік бермек.

Қазіргі уақытта 5G желісін тарататын 64 мың бекет салынған. Енді 180 мыңнан астам бекет салынуы керек.

Осы орайда айта кеткен жөн, былтыр Қытайда шығарылған смартфондардың 46 пайызы – 5G желісін көтере алатын смартфондар. Бұл экономикалық жағынан ойластырылған қадам болатын. 

Сарапшылардың болжамынша, Қытайдағы коронавирустың таралуына байланысты нарықтағы смартфондардың сатылымы 20 пайызға дейін құлдырауы мүмкін. Бірақ жылдың үшінші кварталынан бастап сатылым қалпына келуі ықтимал. 5G желісі де дәл сол кезде іске қосылмақ.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Қосылған күні: 24 ақпан, 16:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.