Жаңбыр электр энергиясы көзіне айналады

Жаңбыр электр энергиясы көзіне айналады
Фото: vk.com

Гонконг университетінің ғалымдары судан энергия алуға мүмкіндік беретін электр генераторын ойлап тапты.

Өнертапқыштар осы мақсатта жаңбыр суын пайдалануды көздеп отыр. Генератор 140 вольтқа дейінгі кернеуді өңдей алады және оның қуаты 100 жарықдиодты шамды жағуға жеткілікті.

Бір қызығы, бұл 15 сантиметр биіктіктен 0.0001 литр бір тамшы құлаған кезде жүзеге асатын үдеріс. Ғалымдардың айтуынша, жаңа генератордың алдыңғы транзисторлық құрылымсыз аналогтары бұдан мың есе аз энергияға қол жеткізе алған.

Құрылғы екі электродтан тұрады. Біреуі алюминийден, екіншісі  политетрафторэтиленмен (PTFE) қапталған индий мен қалайыдан жасалған. Тамшы құрылғыға тигенде, екі электродты біріктіріп, тұйық тізбек жасайды. Заряд бір электродтан екіншісіне өтеді.

Ғалымдар бұл құрылғыны тоқтаусыз жаңбыр жауатын жерлерде де қолдануға болады дейді. Бұл, әсіресе, нөсер басым болатын елдерге тиімді. Мұндай кезде кернеу күшейеді және қанықтыру деңгейінің шегіне жетеді. Болашақта ғалымдар генераторды сумен байланыста болатын түрлі құралдарға орнатуды жоспарлап отыр.

Т. Раушанұлы