Instagram-дағы постты мәтін бойынша қалай табуға болады?

Instagram-дағы постты мәтін бойынша қалай табуға болады?
Фото: dribbble.com/omprakashdesign

Instagram-дағы іздеу жүйесі жетілмеген. Қазір керек постты хэштегпен, геолокациямен ғана іздеуге болады. Оның өзінде табыла қоюы екіталай. Мұндайда Google көмекке келеді.

Посттағы мәтін немесе сөз бойынша іздеу үшін, іздеу жолына site:instagram.com/p "keyword" деп жазу керек. "Keyword" орнына керек сөзді немесе мәтінді жазу керек. Сонда Google ең танымал посттарды тауып береді.

Бұл әдістің пайдасы қандай?

1. Бренд/есімнің қандай постта кездесетінін анықтау.

2. Авторлық контенттің қаншалықты көшірілетінін білу.

3. Белгілі бір тақырыпта жазатын блогерлерді табу.

Massaget.kz