Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Тарихи сәт: SpaceX компаниясы NASA-ны басып озбақ

Тарихи сәт: SpaceX компаниясы NASA-ны басып озбақ

Тарихи сәт: SpaceX компаниясы NASA-ны басып озбақ

Биыл көктемде SpaceX компаниясы Халықаралық ғарыш станциясына Crew Dragon кемесімен екі ғарышкерді жеткізбек. Апат болған жағдайда Илон Масктың компаниясына тиесілі Crew Dragon капсуласы ғарышкерлерді қауіпсіз аймаққа шығара аладыі.

Ғарыш әлемінде жаңа кезең

2011 жылы "Спейс шаттл" миссиясы мәресіне жеткен соң, NASA ғарышкерлерін Халықаралық ғарыш станциясына жеткізу үшін Ресейдің "Союз" кемесінен екі орын сатып алды. Алайда жылдан жылға ғарышкерлерді ұшыру қымбаттап жатыр. Мысалы, NASA бір ғарышкердің "жолына" 85 миллион доллар қаржы жұмсайды екен. Осы себепті АҚШ агенттігі Commercial Crew атты жобасын бастады. Жобаның мақсаты - ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш станциясына жеткізіп, қайта әкелетін арзан әрі сапалы аппарат жасап шығару. Бұл үшін NASA соңғы уақытта табысты жобалармен көзге түскен SpaceX компаниясымен бірге жұмыс істеуді жөн деп шешіпті.

Боб Бенке мен Даг Херли – жаңа жоба аясында ғарышқа ұшатын алғашқы астронавттар. Олардың айтуынша, Crew Dragon кемесімен ХҒС-қа ұшу ғарыш әлемінде өзгерістер алып келетініне сенімді. 

SpaceX соңғы өткізген сынағында Falcon 9 зымыранын ұшырып, оны әдейі жарған болатын. Осы арқылы олар Crew Dragon A капсуласын тексерді. Нәтижесінде оның апат болған жағдайда ғарышкерлерді қауіпсіз аймаққа жеткізе алатыны дәлелденді. Бұл ғарыш әлеміне тың өзгерістер алып келетіні сөзсіз. Өйткені қарқынды дамып жатқан жеке компаниялар уақыт өте NASA сияқты алпауытттарға бәсекелес атанып, үкіметтің миллиардтаған келісімшарттарына ие болады.

Ғарышкерлер қалай дайындалып жатыр?

Боб Бенке мен Даг Херли жиырма жыл бойы иық тіресе жұмыс істеген. Ал 2018 жылдан бері осы жобаға дайындалып жатыр. Сонымен қатар ғарышкерлер Crew Dragon кемесінің ішкі жүйесін жасауда кеңестерін беріп атсалысқан. Астронавттар ғарышқа ұшқан сәтке дейін үздіксіз жаттығу өткізеді. Сондай-ақ Crew Dragon капсуласын сынақтан өткізген кезде ғарышкерлердің жаңа скафандрлары таныстырылды.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: SpaceX
Қосылған күні: 28 қаңтар, 10:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.