Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Фотоны шамадан тыс өңдеу лайк санын азайтады

Фотоны шамадан тыс өңдеу лайк санын азайтады

Фотоны шамадан тыс өңдеу лайк санын азайтады

Әлеуметтік желіге жүктеген фотоңызды өңдеуді ұнатасыз ба? Алайда лайк саны ойдағыдай болмай жүр ме? Оның сырын мамандар зерттеп көрді.

Нью-Джерсидегі Роуэн университетінің мамандары Facebook пен Instagram желісінде зерттеу жүргізді. Олар әлеуметтік желіге жүктелген селфи-фотоларға анализ жасаған.

Фильтрді шамадан тыс қолдану не фотоны талғамсыз өңдеу лайк санының азаюына әкеп соғады. Қатты өңделген фотолар оқырмандардың лайк қоюына кері әсер ететін көрінеді. Мамандар жазылушыларыңыздың назарын аудару үшін фильтрді аз қолданып, жұмыс, хобби не саяхат туралы суреттеріңізді бөлісуге кеңес береді. Лайктың саны артуы үшін сондай-ақ лауазым мен экономикалық статустың байқалып тұруы маңызды екен. Зерттеу авторының айтуынша, сурет авторы қаншалықты жақсы көрінуге тырысқанымен, аудитория ондай суреттерден соншалықты қашқақтайды. 

Егер аудиторияңыздың қызығушылығын арттырып, лайк санын көбейткіңіз келсе мына кеңеске құлақ түре жүріңіз: 

Суретке талғаммен өң беріңіз 

Әрбір суретіңізді сол қалпында салудан аулақ болыңыз. Әлеуметтік желіде шынайылыққа қарағанда жасандылық жоғары тұратыны белгілі. Бұл жаман деген сөз емес, дегенмен өзіңізге өзгелердің көңілін аудартып, көп лайк жинағыңыз келсе, осылай істеуге тура келеді. Бірақ есіңізде болсын, жоғарыда айтып өткеніміздей, әр нәрсені талғаммен істеу қажет.

Суретті тұрақты түрде салып тұрыңыз 

Әдемі де қызыққа толы әлеміңізбен мүмкіндік болса күнделікті бөлісіп отырғаныңыз жөн. Күніне не екі-үш күнде бір сурет салсаңыз жеткілікті. Маңыздысы әр суретіңіз әртүрлі болуы шарт. Ал қызыққа толы жағдайларға тап болсаңыз есепсіз салуға да болады. 

Хэштегті дұрыс және көп пайдаланыңыз 

Instagram желісіндегі "хэштег" сіздің суретіңіз көп көрілуіне әсер етеді. Хэштег деп отырғанымыз кілт сөздер. Салынған суретіңізге байланысты хэштег жазу арқылы сіз басқа адамдардың қызығушылығын арттырасыз. Бір хэштегті ұзақ әрі тұрақты түрде пайдалану да пайдасын тигізеді.  Сонымен қатар ең көп жазылған, ең беделді деген хэштегтерді пайдаға асырыңыз. "Жұлдызды хэштегтердің" ішінен бірін таңдап, пайдаланып көріңіз. Сіз сол сәтте мыңдаған адамның арасына топ ете түсетін боласыз. 

 
2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: коллаж © Massaget
Қосылған күні: 27 қаңтар, 15:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.