Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / CES 2020: Ең ерекше технология өнертабыстары

CES 2020: Ең ерекше технология өнертабыстары

CES 2020: Ең ерекше технология өнертабыстары

7-10 қаңтар аралығында Лас-Вегаста Consumer Electronics Show 2020 технология көрмесі өтті. Көрмеге қатысқан біршама компания соңғы шыққан өнертабыстарын көпшілікке ұсынды. Massaget.kz порталы көрмеде жұрт назарын жаулаған ең үздіктерін топтастырды.

Экзоқаңқа

Sarcos Robotics компаниясы Guardian XO экзоқаңқасын таныстырды. Ол адамның күшін 20 есе арттыра алады. Яғни экзоқаңқаны киіп, 90 килограммды көтерсе, бұл адамға 4,5 килограммдай сезіледі екен.

Бірнеше электр мотордан тұратын бұл конструкцияны кию үшін арнайы белдік, жилет тағу керек. Содан кейін экзоқаңқа адам қимылын қайталап, ауырды жеңілдетуге көмектеседі.

Камерасы ғайып болатын смартфон

©androidauthority.com

Мұндай өнімді OnePlus бренді жасаған. Олар көрмеге Concept One атты ерекше смартфонды әкелген. Камера модуліне орнатылған электрохром әйнек объективтерді қаратұнық етіп жасыра алады. Камера қосымшасына кіргенде объективтертер 0,7 секундта "жарыққа шығады". Қалған уақытта камера модулі қап-қара.

Concept One моделін сатылымға шығару компания жоспарында жоқ.

Иілгіш дисплейі бар әлемдегі ең алғашқы ноутбук

Image result for ThinkPad X1 Fold"©windowscentral.com

Смартфон индустриясында иілгіш дисплей енді белең ала бастағанда Lenovo компаниясы оны ноутбукқа орнатып жатыр. CES 2020 көрмесінде қытайлық компания иілгіш дисплейі бар ең алғашқы ноутбукты таныстырды. Салмағы 1 кг-ға жуық ThinkPad X1 Fold ноутбугының диагоналі – 13,3 дюйм. Экран ажыратымдылығы – 2К.

Ноутбуктың пернетақтасы смартфондағыдай – сенсор. Ал егер физикалық пернетақта керек болса, Thinkpad X1 Fold Stand тіреуішін сатып алу керек. Лэптоп 2020 жылдың екінші жартысында сатыла бастайды.

Жақтаусыз 8К теледидар

©cnet.com

Samsung компаниясы көрмеге жақтаусыз Q950TS теледидарын әкелді. Оның экраны алдыңғы бөліктің 99%-ін алып тұр.

Ажыратымдылығы 8К теледидардың дисплейі Adaptive Picture технологиясының арқасында жарық пен қараңғы бөлмеге қарай ыңғайлана алады. Яғни бейнені бөлмедегі жағдайға қарай өзгертіп, баптап беріп отырады.

Респиратор маска

©ao-air.com

Әлемдегі экология ахуалына байланысты респиратор маскалардың маңызы артып жатыр. Сондықтан Ao Air компаниясы CES 2020-ға Atmos Faceware атты масканы әкелген.

Респиратор ауаны фильтрден өткізіп, ағзаны лас ауадан қорғай алады. Бұл өнертабысқа NIOSH Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы ұлттық институты сертификат беріп, жарамдылығын мақұлдаған.

Респиратор маска адам бетін жаппайды және дизайны сән аксессуарына лайықталып жасалған. Бағасы – 350 доллар.

8 террабайттық SSD

©pcworld.com

Western Digital компаниясы SanDisk брендіне тиесілі жады рекордтық 8 ТБ болатын SSD портатив жинақтауышын таныстырды. Мұндай жады 1300 сағаттық 4К видеоны сақтауға мүмкіндік береді. Жинақтауыштың көлемі шап-шағын, алақанға сыйып кетеді.

SSD сатылымға әлі шықпайды, себебі көрмеге оның прототибі қатысты.

Consumer Electronics Show – 1967 жылдан бері өткізіліп келе жатқан технология көрмесі. Оның деңгейін EchoStar, Intel, Microsoft, Motorola, Panasonic, Philips, Samsung, Sony, Toshiba сынды ірі компаниялардың қатысуынан-ақ білуге болады. Дәл осы көрменің тарихында алғаш рет CD-диск, видеокамера, DVD, Atari 400 және Atari 800 дербес компьютерлері, Xbox, Blu-Ray, OLED теледидар, Intel Core i7 және тағы басқа технология өнімдері алғаш таныстырылған болатын.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: pinterest.com/taralu146
Қосылған күні: 13 қаңтар, 16:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.