Бортында 60 жерсерігі бар зымыран ғарышқа ұшырылды

Бортында 60 жерсерігі бар зымыран ғарышқа ұшырылды
Фото: express-k.kz

АҚШ-тың Флорида штатында  Starlink жобасы аясында 60 жасанды жерсерігі бар Falcon 9 зымыраны ғарышқа ұшырылды.

Зымыран АҚШ-тың шығысындағы Канаверал жағалауынан сағат 9:56 (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:56) ұшырылған. Зымыран ғарышқа төртінші рет ұшты, бұл рекордтық нәтиже, өйткені осы уақытқа дейін зымырандар ең көп дегенде үш рет пайдаланылатын.

Starlink – бұл ғаламшар тұрғындары үшін кең жолақты Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған келесі буынның спутниктік желісі. Жоба 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Содан кейін Falcon 9 көмегімен екі спутник орбитаға бағыт түзеді. Мамырда тағы 60 жерсерік жіберіледі. Барлығы 12000 жер серігі орбитаға шығарылады. Сондай-ақ, 328 шақырымнан 580 шақырымға дейін орбитаға 30 000 қосымша жер серіктерін жеткізу жоспарланған.

Т. Раушанұлы