Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Күңгірт режим смартфон қуатын үнемдей ме?

Күңгірт режим смартфон қуатын үнемдей ме?

Күңгірт режим смартфон қуатын үнемдей ме?

Смартфон интерфейсіндегі күңгірт режим түрлі бағдарламаларға еніп жатыр. Себебі қолданушылар құрылғы қуатын үнемдеу үшін фонға қара түсті суреттер қоюға тырысады. Смартфон дисплейіндегі күңгірт фон расымен қуат үнемдей ала ма? Иә, бірақ барлығы емес.

Мобильді гаджеттердің дисплейі екі түрлі болады: LCD (сұйықкристалды) және OLED (органикалық жарықдиод). Күңгірт режимдер тек OLED-экраны бар құрылғылардың қуатын үнемдейді.

OLED органикалық жарықдиод экрандарындағы пиксель торы мен көмескі жарық бір элементке біріктірілген. Әр пиксель өзінің жеке түсін көрсетеді. Оның артықшылығы – жарық контрасты сапалы және түстер барынша тұнық болады. Бірақ ең бастысы – OLED-дисплейлер қуатты үнемдей алады. OLED-дисплейдегі пиксельге қара түсті көрсету керек болса, ол өшіп, қуат жұмсамайды. Яғни өшкен күйі қара түстің қызметін атқара береді. 

Ал сұйықкристалды экраны (LED-LCD) бар құрылғылар суреттің жарық-күңгірттігіне қарамай энергияны ұдайы тұтынып отырады. 

Сондықтан егер OLED, AMOLED, Super AMOLED немесе P-OLED экраны бар смартфондар интерфейсінің фонына күңгірт суреттер қойып, бағдарламаларда түнгі режимдер қолданылса, қуатты біршама үнемдеуге болады.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: tubikstudio.com
Қосылған күні: 19 қыркүйек, 09:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.