Жаңа iPhone 11 смартфондары таныстырылды

Жаңа iPhone 11 смартфондары таныстырылды

10 қыркүйекте Apple компаниясының жаңа құрылғылары жарыққа шықты. Купертинодағы дәстүрлі презентацияда 11-сериялы iPhone, Apple Watch ақылды сағаты, iPad-тың жетінші өкілі және жаңа сервистер таныстырылды.

iPhone 11

Смартфонның 6,1 дюймдік Liquid Retina экраны бар. Дисплей бүкіл алдыңғы корпусты алып, алдыңғы сериялардағы моноқабақ қалдырылған. IP68 қорғаныш қабаты смартфонды судан қорғайды. Құрылғыны 30 минут бойы 2 метр тереңдікте қолдануға болады. Жаңа iPhone алты түске боялған: ақ, қара, сары, қызыл, күлгін, жасыл.

Image result for iPhone 11

Құрылғыға Apple-дің әзірге ең кемел процессоры A13 Bionic орнатылған. Оның есептегіш және графикалық өнімділігі A12-ден гөрі 20% жоғары. iOS 13 жүйесімен бірге A13 секундына 1 триллион операция орындауға қабілетті. Сондай-ақ орталық процессор қуат үнемдеуге машықталған. Батарея сыйымдылығын компания жария еткен жоқ, дегенмен салыстырмалы түрде iPhone XR-ден 1 сағат артық жұмыс істейтіні белгілі болды.  

Негізгі камерасы екі модульден тұрады. Бірі 12 МП (26 мм f/1.8), екіншісі 12 МП, кеңбұрышты (f/2.4) модуль. Кеңбұрышты объективтің арқасында ауқымды кеңістікті сыйдыруға болады. Камераның портрет режимі ұлғайтылған екен, енді бұл режимді адамдарға ғана емес, жануарларға да қолданса болады екен.

Оптикалық стабилизациясы бар, негізгі камераның түнгі режимі барынша жақсартылған. Видеоға 60 fps жиілікте, 4К сапада түсіруге болады. Фронтал камера да 12 МП-де сурет, 4K 60 fps пен Slow-Mo видео түсіре алады. 

iPhone 11-дің АҚШ-тағы бағасы 699 доллар. Бұл 749 долларға бағаланған iPhone XR-ден гөрі арзан.

iPhone 11 Pro және iPhone 11 Pro Max

iPhone 11-ден артық не болуы мүмкін? Әрине, iPhone 11 Pro және 11 Pro Max смартфондары. Бұл екі премиум модель iPhone 11-дің барлық қабілетін бойына жиған және бірнеше артықшылығы бар. 

iPhone 11 Pro 5,8 дюймдік, 11 Pro Max-қа 6,5 дюймдік OLED дисплей орнатылған. Смартфон қаңқасына A13 Bionic процессоры орнатылған. Қуатты барынша жақсы үнемдейді.

iPhone 11 Pro батареясы iPhone Xs моделіне қарағанда төрт сағатқа, ал iPhone Pro Max батареясы Xs Max-қа қарағанда бес сағатқа ұзағырақ жұмыс істейді. Алғаш рет 5 Вт зарядтау құрылғысының орнына iPhone 11 Pro және iPhone 11 Pro Max смартфондарына жылдам USB-C 18 Вт қуат адаптері орнатылған.

iPhone 11 Pro және iPhone 11 Pro Max төрт түсте қолжетімді болады: қара-жасыл, күміс, алтын және сұр. 64 ГБ, 256 ГБ және 512 ГБ жады бар. Жаңа iPhone XR модельдерінің нарыққа шығумен iPhone 8 екі үлгісімен бірге сатылымда қалады, ал Xs сериясы модельдік қатардан алынады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептерді дамыту. i-balaqai жобасында − Нұрмұxаммед Досыбаев
Қазақстандық мектептерді дамыту. i-balaqai жобасында − Нұрмұxаммед Досыбаев
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі