Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Алматыда деректерді талдауға арналған жазғы мектеп басталды

Алматыда деректерді талдауға арналған жазғы мектеп басталды

Алматыда деректерді талдауға арналған жазғы мектеп басталды

Алматыда деректерді талдауға арналған жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Биыл екінші мәрте өткелі отырған Yessenov Data Lab-ты Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорымен AlmaU және осы университеттің профессорлары мен оқытушылары ұйымдастырып отыр. 20 қатысушы қордың гранттық конкурсының жеңімпазы атанды.

- Мектеп форматында 8 апта деректерді талдау бойынша қызу жұмыс жасалады. Жоба қатысушылары ашық конкурстық іріктеу арқылы іріктелді. Өткен жылғы жұмысымыз табысты болғандықтан, биылғы жылы жұмыс барысына еш өзгеріс енгізбестен жұмыс істедік. Бір ғана өзгеріс,үміткерлерге ыңғайлы болу үшін, іріктеу үрдісінің барлық сынақтары онлайн өтті, — дейді роуминг қорының жобалар менеджері Башаева.

Бүгінгі таңда Қазақстанда деректерді талдаушылардың қажеттілігі күн өткен сайын артып келеді. Осы мамандық жетіспейтін салалар арасындатек ірі ғана емес, орта бизнесте бар. Қазақстандық компаниялар осы саладағы білікті мамандардың жетіспеушілігін сезінуде.

- Біз бірінші жылы оқып бітірген мектеп түлектерімен байланысымызды үзген емеспіз. Олармен әлі күнге дейін WatsApp және телеграм сияқтыәлеуметтік желілер арқылы хабар алып отырамыз. Түлектер арасында осы бағыт бойынша магистратураға түскендер, шет елге мамандық бойынша жұмыс істеуге кеткен, белгілі қазақстандық компанияларға жұмысқа тұрғандар бар. Барлығы дерлік деректерді талдауда жұмыс істейді, - деп толықтырады Yessenov Data Lab лекторы, AlmaU инжиниринг мектебінің деканы Қуаныш Әбешев.

Жазғы мектепке түскен балалардың ешқайсысы кездейсоқ келген жоқ. Олардың барлығы дерлік үш іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен алғыр да білімді балалар. Олар іріктеу кезеңдерінде алгоритм, математика және логика бойынша тест тапсырды, ал финалда онлайн сұхбат жүргізді. Жазғы мектеп лекторлары елімізге танымал, деректер аналитикасы саласында еңбегі сіңген азаматтар мен азаматшалар: Дмитрий Русанов (EPAM Systems), Дмитрий Котовенко (AGT International), Марина Горлова (Yandex).Money). Биылғы тізімді ClearScale-дегі бұлтты есептеулер жөніндегі аға инженер Валерий Жук толықтырды. Ресейлік Bigdata Team командасымен келісімшартқа қол қойылды. Қазақстанның басқа қалаларынан келген конкурстың барлық жеңімпаздарына Ш. Есенов атындағы қор жолақысын, Алматыдағы тұруын және тамақтануын төледі. Мектептің барлық студенттеріне (алматылықтарды қосқанда) стипендия төленеді.
Қазақстандық студенттерді Ресейлік Yessenov Data Lab лекторы жоғары бағалады.

— Өткен жылы барлық балалардың білімге, білуге, жаңа нәрсені үйренуге деген ынта-жігерлері мені таң қалдырған болатын. Әрине, барлығының деңгейі бірдей емес. Дегенмен, олардың белсенділігі есебінен барлық оқушыларөзіне қажетті білім мен дағдыларды ала алды. Біз сабақтардың биылғы жылы былтырғыдан да жоғары деңгейде өтуі үшін оқу бағдарламасын кеңейттік. Сондықтан жаңа қатысушылар екі айда тек оқуға көңіл бөлсе жоғары жетістікке жететініне сеніміміз мол — деді Tengrinews TRA Robotics жетекші әзірлеушісі Михаил Липкович.

Серіктес материалы

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: yessenovfoundation.org
Қосылған күні: 20 маусым, 16:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.