Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Ұшақта неге смартфон қолдануға болмайды?

Ұшақта неге смартфон қолдануға болмайды?

Ұшақта неге смартфон қолдануға болмайды?

Ұшаққа мінгенде, "Ұялы телефондарыңызды өшіруді немесе авиарежимге қоюларыңызды өтінеміз" деген ескерту жасалады. Авиарежим не үшін керек немесе ұшақта неге смартфон қолдануға болмайды? 

Авиарежим не үшін керек?

Авиарежимдегі смартфон GSM, Wi-Fi, Bluetooth арқылы ақпарат таратуды, қандай да бір байланысты тоқтатады. Яғни құрылғы радиоқабылдағыш қабілеті өшеді. Авиарежим мен өшірілген смартфонның арасында айырмашылық жоқ. Тек байланыстан өзге функциялары пайдаланымын дейтін қолданушылар үшін смартфон жасаушылар арнайы авиарежим функциясын енгізген.

Похожее изображение

Смартфон немесе өзге де байланыс құралдарын ұшақ көтерілгенде және қонған кезде өшірілуі тиіс. Әйтпегенде аэронавигациялық құрылғылардың жұмысына кедергі келтіріп, жердегі бақылау орталықтарының рейстерді қадағалауы қиындауы мүмкін.

"Смартфонды өшірмей-ақ қояйын, мен оны қолданып жатқан жоқпын ғой?!"

Смартфонды қолданбаса да ол желі жүйесін іздей береді. Оның тынымсыз жиілігі аэронавигация жиілігімен шағылуы мүмкін. Смартфонның жиілігі біз ойлағаннан да қуатты әрі қабілетті. Сондықтан пилот диспетчер командасын естімей қалуы ықтимал.

Ұшақта тек смартфонды емес, ноутбук, электронды кітап, плеер, ойын консольдарын да өшіру керек.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 16 маусым, 20:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.