Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жапонияда адамның көңіл-күйін көтеретін құрылғы жасалды

Жапонияда адамның көңіл-күйін көтеретін құрылғы жасалды

Жапонияда адамның көңіл-күйін көтеретін құрылғы жасалды

Жапонияның "Japan Display" компаниясы адамның көңіл-күйін басқара алатын құрылғы жасап шығарды.

Күйтабақ құрылғысына ұқсайтын девайстан бір уақытта ән тыңдап, дөңгелек дисплей арқылы сурет қарауға болады. Керек десеңіз, сурет пен орындалған әнге қатысты иіс те шығара алады екен. Құрылғының сыртқы корпусы ағаштан жасалған. Девайстың бірнеше жерде арнайы түтікшелері бар. Бұл тесіктер иіс шығаруға арналған.

Multi Sensory Device XVG-01 деп аталатын құрылғы маусымның 11-12 аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтетін CES Asia 2019 көрмесінде көпшілікке таныстырылады.

Құрастырушылардың айтуынша, бұл құрылғы ғимарат ішінде отыратын адамдардың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі. XVG-01 2019 жылдың соңында Жапонияда қолданысқа енеді деп жоспарланған. Ал сырт мемлекеттерге қашан экспортталатыны әлі белгіленген жоқ.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: ktk.kz
Қосылған күні: 11 маусым, 15:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.